Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ МЕТАПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

Жарияланған June 2026

2

1

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университет
Аңдатпа

Қазіргі білім беру жүйесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау үдерісінде метапәндік құзы-реттіліктерді қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Метапәндік құзыреттіліктер болашақ мұғалімнің оқу үдерісін пәнаралық тұрғыда ұйымдастыруына, оқу міндеттерін тиімді шешуіне, кәсіби рефлексия жасауына және оқушылардың әмбебап оқу әрекеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Осы мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыруға арналған интегративті-рефлексивтік әдістеменің мазмұны мен тиімділігі қарастырылады.

Зерттеу жүргізіліп, экспериментке 110 студент қатысты: эксперименттік топта – 54, бақылау тобында – 56 студент. Зерттеу барысында теориялық (әдебиеттерді талдау, жүйелеу, модельдеу) және эмпирикалық (педаго-гикалық эксперимент, бақылау, диагностика) әдістер кешені қолданылды. Метапәндік құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейі когнитивтік, іс-әрекеттік (жобалаушы), коммуникативтік және рефлексивтік компоненттер бойынша бағаланды.

Эксперимент нәтижелері ұсынылған әдістеменің тиімді екенін көрсетті: эксперименттік топта жоғары және орта деңгейдегі көрсеткіштердің айтарлықтай өсуі байқалып, төмен деңгейдегі студенттер саны едәуір қысқарды. Алынған нәтижелер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау үдерісінде метапәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған әдістемелерді енгізудің ғылыми-педагогикалық маңыздылығын дәлелдейді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Омирзак Г.Е., Хасанова И.У., Исаев А.И., . 2026. БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ МЕТАПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2026), 117–129. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.90.2.012.