Мақалада мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ересек мектеп жасына дейінгі балалардың икемді дағдыларының қалыптасуы қарастырылады. Балаларды білім берудің кейінгі сатыларына даярлаудағы және оларды ерте әлеуметтендірудегі коммуникативтік, әлеуметтік дағдылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болу рөлі зерттеудің өзектілігі болып табылады. Soft skills түсінігінің мән-мағынасы теориялық тұрғыда терең талдана отырып, құрылымы мен мазмұны ересек мектеп жасына дейінгі жасқа қатысты ашылып көрсетілген. Коммуникативтік, эмоциялық, әлеуметтік- реттеуші дағдыларды балаларда бірлескен іс - әрекет процесінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарына назар аударылады.
Ересек мектеп жасына дейінгі балаларда эмоциялық жауаптылық, өзін- өзі реттеу, өзара әрекеттесуі мен ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруда бірлескен іс-әрекет тиімді педагогикалық құрал ретінде қарастырылады. Икемді дағдыны дамыту мақсатында дамытушы қолайлы орта құруға бағытталған бірлескен іс - әрекетті ұйымдастырудың негізгі формалары мен қағидаттары талданады.
Зерттеу материалдарын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәжірибесінде, сонымен қатар ересек мектеп жасына дейінгі балалардың білім аясын кеңейтуге, әлеуметтік маңызды дағдылыларын дамытуға арналған арнайы педагогикалық- психологиялық бағдарламалар мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу барысында қолдануға болады.
