Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ВЕБ-САЙТТАР – ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ

Жарияланған June 2026

16

13

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Аңдатпа

Бұл мақала Веб-сайттар арқылы оқу жұмыстарын ұйымдастырумен үлгерімі төмен бастауыш сынып оқушы-ларының пәндік құзыреттіліктерін қалыптастырудағы бастауыш мектепте цифрлық ресурстарды қолданудың мүмкіндіктерін, тиімділігін және педагогикалық шарттарын жан-жақты талдауға бағытталды. Зерттеу жұмысы теориялық және эмпирикалық әдістер негізінде орындалып, құзыреттілік, пәндік құзыреттілік және үлгерімі төмен оқушы түсініктері ғылыми негізде қарастырылды. Білім беру үдерісіндегі заманауи веб-платформалардың (BilimLand, iMektep, LearningApps, Khan Academy Kids және т.б.) функциялары, интерактивті мүмкіндіктері және оқушының оқу мотивациясын қалыптастырудағы рөлі сипатталды.
Эксперименттік жұмыс барысында оқушылардың пәндік білім, оқу белсенділігі, өзіндік әрекет дағдылары және тапсырмаларды орындау динамикасы өлшенді. Нәтижелер веб-сайттарды жүйелі қолдану үлгерімі төмен оқушылар-дың пәндік құзыреттілігін арттыруға айтарлықтай ықпал ететінін көрсетті: орташа көрсеткіш 27,5 %-ға өсті, ал оқу белсенділігі 1,4 есеге артты. Зерттеу веб-ресурстарды қолданудың тиімді педагогикалық шарттарын айқындады: жеке оқу қарқынын ескеру, интерактивті тапсырмалар жүйесі, кезеңдік күрделендіру, кері байланыс пен өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру.
Жалпы қорытынды бойынша веб-сайттар бастауыш сыныптағы пәндік құзыреттілікті қалыптастырудың иннова-циялық құралы болып табылады және үлгерімі төмен оқушылар үшін оқу мотивациясын, өзіне сенімділікті және оқу нәтижелерін жақсартуға нақты мүмкіндік береді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жантасова Ж.Н., Султаниязова Н.Ж., Сыдыкова З.Е., . 2026. ВЕБ-САЙТТАР – ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2026), 362–373. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.90.2.035.