Ғаламдану мен спорт, туризм салаларындағы халықаралық серіктестіктің күшеюі аясында болашақ дене шынықтыру мұғалімдері мен бапкерлерінің мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру педагогикалық білім берудің басты міндеттерінің бірі. Дәстүрлі шетел тілін оқыту әдістері мәдениетаралық өзара әрекет етуге қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыруда цифрлық құралдар толықтыруды қажет етеді. Зерттеу жұмысының мақсаты болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілігін шетел тілі сабағында қалыптастыру. Зерттеудің әдістері онлайн Google forms арқылы қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді, алынған нәтижелер Excel, IBM SPSS Statistics арқылы талданды. Мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілктің компоненттерін бағалау үшін лексика-грамматикалық тест, толеранттылық индексі, оқу және кәсіби мотивация, мәдени және эмоциялық интеллект диагностикалық әдістемелері қолданылды. Студенттердің тілдік деңгейі оқу жылының басында анықталып бірнеше B1 тілдік деңгейлі, ал басым бөлігі A2 деңгейлі болғандықтан аралас 2 топтарға 30 студенттен топталып бақылау және эксперименттік топтарды құрды. Зертту жұмысының нәтижесі цифрлық технологиялар мен онлайн платформаларды қолдану арқылы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің МКҚ кейбір субкомпонеттерінің оң динамикасын көрсетті.
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жарияланған September 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілік
цифрлық технологиялар
шетел тілі
онлайн платформалар
ЖИ чат-боттар
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Mukhpulova R., . 2026. БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 324–333. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.029.
