Бұл мақалада бастауыш мектеп білім алушыларының шетел тілдік коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі сипатталады. Мақалада бастауыш сынып оқушыларының шетел тілдік коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудың мәні мен маңызы қарастырылады. Зерттеу шетел тілін меңгерудің бастапқы кезеңіндегі оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуға бағытталған әдістемелік тәсілдерге, педагогикалық шарттарға және оқу үдерісінің ерекшеліктеріне талдау жасайды. Авторлар шетел тілін оқыту барысында оқушылардың лингвистикалық, социолингвистикалық, прагматикалық, эмоционалды-құндылықты қарым-қатынас сияқты шетел тілдік коммуникативтік құзыреттіліктің құрылымдық компоненттердің маңыздылығын ашады. Білім беруді цифрландыру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының шетел тілдік коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған модельдің тиімділігін тексеруге арналған диагностикалық шараларды ұйымдастырып, статискалық өңдеудің нәтижесінде ЭТ сыналушыларының шетел тілдік коммуникативтік құзыреттіліктерінің көрсеткіштерінің жоғарылауы мен олардың оқу үдерісіне енгізілген авторлық оқу-әдістемелік кешен арасындағы байланыстың тығыздығы мен өте жоғарылығын көрсетіп, бастауыш сынып оқушыларының шетел тілдік коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған модельдің тиімділігін дәлелдейді. Мақала бастауыш мектеп мұғалімдері мен тіл мамандарына әдістемелік көмек ретінде ұсынылады. Зерттеу нәтижелері бастауыш білім беруде шетел тілдерін оқыту сапасын жақсартуға.
ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЕТЕЛ ТІЛДІК КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН МОДЕЛДЕУ
Жарияланған March 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
бастауыш мектеп
педагогикалық шарттар
білім беруді цифрландыру
цифрлық технологиялар
моделдеу
құрылымдық-мазмұндық модель
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Каримова Г.С., Ишанов П.З., Минжанов Н.А., . 2026. ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЕТЕЛ ТІЛДІК КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН МОДЕЛДЕУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2026), 35–47. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.89.1.004.
