Мақалада оқушылардың өзіндік зерттеу әрекетін ұйымдастыру арқылы туған өлке өсімдіктері туралы білімін арттырудың әдістемелік мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – биология сабақтарында өзіндік зерттеу әрекетіне негізделген оқытудың оқушылардың туған өлке өсімдіктері туралы білім деңгейіне ықпалын анықтау. Зерттеу жалпы білім беретін мектептің 7–9 сыныптарында оқитын 112 оқушының қатысуымен жүргізілді. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді талдау, педагогикалық бақылау, сауалнама, педагогикалық эксперимент әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері өзіндік зерттеу әрекетін қолдану оқушылардың туған өлке өсімдіктері туралы білімін жүйелі түрде арттыратынын көрсетті. Алынған нәтижелерді биология пәнін оқыту тәжірибесінде қолдануға болады. Анықталған мәселені шешуде «Ботаникалық өлкетану» курсын ұйымдастыру ұсынылады. Аталмыш мәселе 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарының ішінде - сапалы білім беру (ТДМ 4), құрлық экожүйесін сақтау (ТДМ 15) – секілді мақсаттарға жетуде маңызы зор. Сонымен қатар, PISA зерттеулері оқушылардың жаратылыстану бағытындағы функционалдық сауаттылығын бағалауға ерекше мән беретіні де белгілі. Бұл өз кезегінде жүргізілген зерттеудің өзектілігін айқындайды.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Джарылкапова С.Е., Жумагулова К.А., Айдарбаева Д.К., . 2026. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЛКЕТАНУ БІЛІМІН ӨЗІНДІК ІС-ӘРЕКЕТ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2026), 330–339. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.89.1.031.
