Мақалада бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық мәдениетін қалыптастырудың маңызы айтыла келіп, оның бір компоненті болып табылатын аксиологиялық компонентті қалыптастыру мәселесі қарастырылған. Жалпы білім беру үдерісіне инновацияның енуі, мұғалімнің инновациялық мәдениетінің қаншалықты маңызды екені еліміздегі нормативтік құжаттарда айқын көрсетілген. Себебі инновациялық мәдениет бұл мұғалімнің кәсібилігінің, әдістемелік шеберлігінің, құзыреттілігінің құрамдас бөлігі болып табылады. Аталған мәселенің отандық зерттеушілер еңбектеріне жеткіліксіз зерттелмегендігі сөз бола келе, зерттеу тақырыбы философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік тұрғыдан қарастырылған. Аксиологиялық компонент педагогтың жаңашылдыққа, кәсіби құндылықтарға, білім мен жаңартуға қатысты көзқарасы мен сенімі болғандықтан, оны инновациялық мәдениетті қалыптастырудың алғашқы сатысы деп тануға болады. Білім беруді дамытудың инновациялық үдерістерінің мұғалімнің әдістемелік мәдениетіне қойылатын талаптарды күшейте түскені себепті оның аксиологиялық компонентін қалыптастырудың мүмкіндіктері көрсетілген. Зерттеу тақырыбы бастауыш сынып мұғалімдері арасында жүргізілген педагогикалық эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері арқылы құндылығын арттыра түседі.
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ КОМПОНЕНТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланған March 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Омарова Г.Ж., Сартаева Н.Т., Абдыкадыров А.О., . 2026. БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ КОМПОНЕНТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2026), 114–125. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.89.1.011.
