Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЖЕРДІ ҚАШЫҚТАН ЗЕРДЕЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫН МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫ МАЗМҰНЫНА КІРІКТІРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланған June 2026

3

2

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Аңдатпа

Мақалада Жерді қашықтан зерделеу (ЖҚЗ) материалдарын география пәнінде қолданудың тәжірибелері талданып, осы деректерді мектеп географиясында оқытудың авторлар құрастырған құрылымдық-мазмұндық моделі ұсынылады. Мұнда, ең алдымен ЖҚЗ деректерін мектеп географиясына кіріктіре оқытуға көңіл бөлініп, қолданыстағы әдістемені жетілдіруге, географиялық білім беру сапасын арттыруға назар аударылады. Бұл тұрғыда ЖҚЗ материалдарын қолданудың педагогикалық негіздері мен оқыту нәтижелеріне ықпалы қарастырылды. Сонымен қатар, ЖҚЗ материалдары негізінде мектеп оқушыларының құзыреттіліктерін дамытуға ықпалы қарастырылып, зерттеулерге шолу жасау негізінде ЖҚЗ материалдарын географияның оқу бағдарламаларына енгізудегі  жетістіктер мен кедергілер талданады. География пәнін оқытуда ЖҚЗ материалдарын пайдаланудың құрылымдық-мазмұндық моделін құрастыру өзара байланысқан мақсаттық, мазмұндық, технологиялық, оқытудың әдістері мен тәсілдері, кәсіби құзіреттіліктер мен дағдылар және бағалау-нәтижелік блоктарды ажыратуға және сипаттауға мүмкіндік берді. Әзірленген модель ЖҚЗ материалдарын оқыту мазмұнына жүйелі түрде кіріктірудің педагогикалық механизмдерін анықтауға жағдай жасайды. Жалпы, ұсынылған модельді Қазақстан мектептерінде география пәнін оқытуда пайдалану мүмкіндігі бар. Жұмыстың ғылыми маңызы ЖҚЗ материалдарын мектеп географиясына енгізудің педагогикалық негіздерін жүйелеуде, ал практикалық маңызы ұсынылған модельді оқу үдерісінде қолдану мүмкіндігінде көрінеді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Каймулдинова К.Д., Алиаскаров Д.Т., Лайсханов Ш.У.,Barbaros Gönençgil, Нурмагамбетулы Ж. . 2026. ЖЕРДІ ҚАШЫҚТАН ЗЕРДЕЛЕУ МАТЕРИАЛДАРЫН МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫ МАЗМҰНЫНА КІРІКТІРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2026), 248–258. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.90.2.024.