Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

АВА ТЕРАПИЯ АРҚЫЛЫ АУТИСТІК СПЕКТР БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Жарияланған March 2026

30

23

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Аңдатпа

Аутистік спектр бұзылыстары (АСБ) бар балалардың әлеуметтік дағдыларының жеткіліксіз қалыптасуы (көзқарас контактін бастау, бірлескен ойынға кіру, кезек күту, әлеуметтік түрде көмек сұрау) олардың білім беру ортаға енуіне және оқу үдерісіне толыққанды қатысуына кедергі келтіреді. Елімізде бұл дағдылар жиі тек «мінез-құлық мәселесі» ретінде қарастырылып, мақсатты түрде оқыту нысаны ретінде жүйелі жоспарланбайды. Осыған байланысты әлеуметтік өзара әрекетті құрылымдалған түрде үйрету моделі өзекті. Зерттеу барысында қолданбалы мінез-құлықтық талдауға (Applied Behavior Analysis, АВА) негізделген интервенцияның АСБ бар балалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға ықпалын бағалау жүргізілді. Оның барысында зерттеуге 5–7 жастағы аутистік спектр бұзылыстары бар 12 бала қатысты. Қалыптастыру деңгейінде 8 апта бойы АВА-негізіндегі бағдарлама жүргізілді (аптасына орта есеппен 3 сессия, әр сессия ~40–45 минут), әрі әлеуметтік дағдылар интервенцияға дейін және кейін салыстырылды. Салыстыру кезінде нысаналы дағдылар: көзқарас контактін өздігінен бастау, бірлескен ойынға қосылу және оны сақтау, кезек күту, функционалды әлеуметтік өтініш білдіру тексерілді. Зерттеу нәтижесінде  көзқарас контактін бастау жиілігі, құрдаспен ортақ әрекетте бірге болу уақыты және әлеуметтік жолмен көмек/зат сұрау дағдылары айтарлықтай жақсарды. Көптеген балалар қажеттілігін айғайламай, әлеуметтік тұрғыда қолайлы формада білдіре бастады. Осы негізде құрылымдалған АВА-интервенция әлеуметтік дағдыларды мақсатты, өлшенетін мінез-құлық ретінде үйрету арқылы АСБ бар баланың білім беру ортаға қатысу әлеуетін күшейтеді және бұл тәсіл еліміздің жағдайына кіріктіруге тиімді.

 

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жунусова Ж.А., Абаева Г.А., Умирбекова А.Н. , . 2026. АВА ТЕРАПИЯ АРҚЫЛЫ АУТИСТІК СПЕКТР БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2026), 418–432. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.89.1.039.