Мақалада психолог-студенттерінің креативті құзыреттілігін қалыптастыру процесінде интегративті арт-терапияны қолданудың әдіснамалық негіздері қарастырылады. Отандық және шетелдік зерттеулерге теориялық талдау жүргізу арқылы «креативті құзыреттілік» ұғымының мәні нақтыланып, оның құрылымы когнитивті, эмоциялық-құндылық және іс-әрекеттік компоненттер арқылы анықталды. Құм терапия, изотерапия, сазбен жұмыс және кинотерапия сияқты арт-терапиялық әдістердің болашақ психологтардың шығармашылық әлеуетін дамытудағы рөлі дәлелденді. Интегративті арт-терапия негізінде креативті құзыреттілікті қалыптастырудың мақсаты, мазмұндық-процессуалды, ұйымдастырушылық-технологиялық және бағалау блоктардан тұратын моделі ұсынылды. «Интегративті арт-терапия» атты арнайы курс әзірленіп, студенттердің кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды. Зерттеу қорытындысы бойынша интегративті арт-терапия студенттердің креативтілігін, кәсіби икемділігін және өзіндік рефлексиясын дамытуға ықпал ететіні анықталды. Мақала әдіснамалық сипатқа ие болып, ұғымдық аппаратты нақтылауға, модельді жасауға және студент-психологтарды даярлауда интегративті арт-терапияны қолданудың психологиялық-педагогикалық шарттарын негіздеуге бағытталған. Мақалада ұсынылған модель пилоттық зерттеу барысында апробацияланды.
БОЛАШАҚ ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КРЕАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОЦЕСІНДЕ ИНТЕГРАТИВТІ АРТ-ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Жарияланған December 2025
6
6
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
креативті құзыреттілік
болашақ психологтар
арт-терапия әдістері
психологиялық-педагогикалық шарттар
интегративті тәсіл
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нурханова Г., Книсарина М., Лекерова Г., . 2025. БОЛАШАҚ ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КРЕАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОЦЕСІНДЕ ИНТЕГРАТИВТІ АРТ-ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2025), 135–149. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.88.4.013.
