Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАР НЕГІЗІНДЕ РЕФЛЕКСИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

Жарияланған December 2025

22

16

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университет
Аңдатпа

 Мақала зерттеу өздік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру арқылы болашақ мұғалімдердің рефлексивті құзыреттілігін қалыптастырудың бастапқы деңгейлерін анықтауға бағытталған. Теориялық талдауларда «құзыреттілік», «рефлексивті құзыреттілік», «өздік жұмыстар» ұғымдарының мазмұны мен құрылымы беріледі. Негізгі ұғымдардың мазмұны жайлы отандық және шетелдік зерттеушілердің тұжырымдары баяндалады. Рефлексивті құзыреттіліктің когнитивтік компонент, тұлғалық компонент, әрекеттік компонент және коммуникативтік-реттеуші компоненттері бойынша құрылымы қысқаша талданып, рефлексивті құзыреттіліктің құрылымына болашақ педагогтің кәсіби болмысының тұтастығын қамтамасыз ететін функционалды кешен деп нақтылау жасалады. Мақалада оқытудың құрылымында өздік жұмыстар Lesson Study, Action Research және portfolio-based learning секілді заманауи тәсілдер арқылы ұйымдастырылатыны айтылады. Өздік жұмысты ұйымдастырудағы әдістемелік шарттар мен рефлексивті механизмдердің өзара байланысы мен рефлексивті құзыреттілікті дамытуға ықпал ететін өздік жұмыс түрлері талданады.

Болашақ мұғалімдердің рефлексивті құзыреттіліктерін қалыптастырудың диагностикалық жұмыстарын ұйымдастырудың барысы сипатталады. «Оқу іс-әрекетіне мотивация» сауалнамасы, А.В. Карповтың «Рефлексиялық дамудың даралық өлшемі» әдістемесі, М.Гратцингтің «Рефлексияға бағыттылық пен көріну деңгейі» атты әдістемесі бойынша диагностика жүргізілді. Зерттеу нәтижелері білім беру мазмұнын жетілдіруге, болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және рефлексивті дағдыларды дамытуға бағытталған практикалық ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Абилхаирова Ж.А., Баймаганбетова Г.К., Ниязбаева Г.К., Бейсембаева А.А., . 2025. БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАР НЕГІЗІНДЕ РЕФЛЕКСИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2025), 172–188. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.88.4.016.