Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Жарияланған December 2025

7

8

Торайғыров университет
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

. Жомартова А.Д., Озгамбаева Р.О., Алпысбаева М.Б., Кажикенова Г.М., Антикеева С.К.

НАо Торайгыров университет, кафедра личностное развитие и образование

Аңдатпа

Инклюзивті білім беру мәселесі Қазақстанның білім беру жүйесінде өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны барлығына мәлім. Соңғы жылдары аталмыш мәселеге қатысты орасан зор еңбектер мен зерттеулер жүргізілді. Дегенмен, осы салада, әлі де шешілмеген мәселелер баршылық, олардың бірі инклюзивті білім беру ортасында дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру мәселесі.

Инклюзивті білім беру жағдайында жалпы оқыту мен оны ұйымдастыру ісі біршама ерекшеліктерге толы, әсіресе дене шынықтыру сабағына қатысты нақты ұсыныстар керек. Көптеген ерекше білім беруді қажет ететін (ЕБҚ) балалар бұл сабаққа қатыса қоймайды, оның бірден-бір себебі оқытушы мұғалімдердің бұл жұмысқа қатысты әдістемелік тұрғыдан дайын болмауы деп айтуға болады. Осы мәселені зерттеу аясында мақалада шетелдік тәжірибе сараланды, кемшіліктері мен артықшылықтары және әдістемелік тұрғыдан ұсыныстар іріктеліп, авторлардың ұсынып отырған «Инклюзивті білім беру жағдайында дене шынықтыру сабағын ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары» атты еңбегінде көрініс тапты.

Зерттеу жұмысы авторлардың ұсынып отырған «Инклюзивті білім беру жағдайында дене шынықтыру сабағын ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстарын» тәжірибеден өткізіп, оның тиімділігін анықтауға арналған. Ол үшін Павлодар қаласының бірнеше дене шынықтыру сабағының мұғалімдеріне аталмыш әдістемелік ұсыныстарды тәжірибеде қолданып көріп, тиімділігін анықтау бойынша зерттеу жұмысына қатысуға ұсыныс берілді. Ең алдымен интервью арқылы мұғалімдердің қарастырылып отырған мәселеге қатысты пікірлері алынды. Әдістемелік ұсыныстарды апробациядан өткізуден кейін соңғы интервью алынып, дене шынықтыру мұғалімдерінің пікірлері анализденді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жомартова А.Д., Озгамбаева Р.О., Алпысбаева М.Б., Кажикенова Г.М., Антикеева С.К., . 2025. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2025), 359–376. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.88.4.032.