Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КОММУНИКАТИВТІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ СИМУЛЯТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ РӨЛІ

Жарияланған December 2025

0

1

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университет
Аңдатпа

Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігінің маңызды құрамдас бөлігі – коммуникативтік мәдениетті қалыптастырудағы симулятивтік технологиялардың рөлі талқыланады. Зерттеудің мақсаты еліміздегі және шет елдердегі зерттеулерге сүйене отырып, болашақ педагогтардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудағы симулятивтік технологиялардың мүмкіндіктерін талдау болып табылады. Мәселенің теориялық мәнін ашу үшін мазмұндық талдау, сыни тұрғыдан салыстыру, жүйелеу, тұжырымдау әдістері қолданылады.

Зерттеу барысында коммуникативтік мәдениет ұғымының мәні айқындалып, түрлі зерттеушілер тарапынан берілген көзқарастар сараланады және аталған сапаның бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби қызметіндегі рөлі анықталады. Қазіргі педагогикадағы болашақ мұғалімдердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудағы негізгі қиындықтар мен кедергілер (теория мен практиканың алшақтығы, цифрлық коммуникацияның басымдығы, тұлғалық ерекшеліктер және әлеуметтік-мәдени факторлар) талданып, оларды алдын алудың бірден-бір жолы ретінде тәжірибеге бағдарланған симулятивтік технологиялар ұсынылады. Шолу негізінде жоғары оқу орындарындағы педагогикалық үдеріс барысында симулятивтік технологияларды қолданудың болашақ педагогтардың кәсіби даярлығына ықпалы анықталып, білім алушылардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру үшін қолданылатын рөлдік ойындар, кейс-стади, виртуалды сыныптар сияқты практикалық әдістері мен олардың мүмкіндіктері атап өтіледі. Зерттеу нәтижелері коммуникативтік мәдениетті қалыптастырудағы симулятивтік технологиялардың теория мен тәжірибені байланыстыратын тиімділігін көрсетеді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Изтлеуова С.Ш., Бахтиярова Г.Р., . 2025. БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КОММУНИКАТИВТІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ СИМУЛЯТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2025), 149–162. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.88.4.014.