Бұл мақалада қазіргі цифрлық трансформация жағдайында география пәнін оқытуда цифрлық модельдеу технологияларын қолданудың өзектілігі қарастырылады. Мұндай технология кеңістіктік үдерістерді визуали-зациялауға, білім алушылардың танымдық белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Географиялық білім беруді жаңғырту аясында цифрлық модельдеу технологияларының маңызы сипатталып, Қазақстандағы білім беру жүйесінде аталған технологияларды енгізу перспективалары мен қолдануға байланысты мәселелер талданады. Модельдеу технологияларын оқу бағдарламасына сапалы енгізу үшін педагог кадрларды даярлау, 3D модельдеу құзыреттерін дамыту және әдістемелік қолдау қажеттілігі анықталады. Алайда зерттеу нәтижелері көрсеткендей, отандық педагогтардың цифрлық құзыреттілігінің төмендігі, бейімделген оқу-әдістемелік материалдардың жетіспеушілігі аталмыш технологияларды тиімді енгізуге кедергі келтіруде.
Бұл мақалада жоғары оқу орындарының білім беру процесінде модельдеу әдісін қолданудың теориялық және практикалық аспектілері қарастырылады. Мақалада модельдеу әдісінің студенттердің оқу мотивациясы мен шығармашылық қабілеттерін дамытудағы тиімділігін бағалау мақсатында жүргізілген эксперименттік зерттеу нәтижелері талданған.
Зерттеудің практикалық маңызы модельдеу бағдарламаларын қолдану арқылы оқыту әдістерін жетілдіруге, студенттердің оқу мотивациясын арттыруға және олардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға бағытталған. Зерттеу нәтижелері модельдеу әдісін білім беру жүйесіне енгізу бойынша нақты ұсыныстар беруге мүмкіндік береді. Әсіресе жоғары оқу орындарында модельдеу технологияларын география пәніне интеграциялаудың тиімді жолдары мен нақты ұсыныстар берілген.
