Мақалада орта мектеп оқушыларының футбол ойнау дағдыларын дамытудың педагогикалық және психология-лық ерекшеліктері айтылады. Орта мектеп оқушыларына футболдағы мақсатты білім беру процесі арқылы оқушы тұлғасына тәрбиелік әсер ету жайы қарастырылады. Футболдағы тәрбие жұмысын әртүрлі сабақтан тыс форма-лармен байланыстырудың бірегей білім беру мүмкіндігі туралы баяндалады. Мұндай қосымша жұмыстар мектептегі дене шынықтыру және спорттық іс-шараларға, дербестікке және белсенді оқушы қауымын дайындауға жан-жақты қызығушылықты дамытуға ықпал ететіндігі негізге алынады. Сондай-ақ, оқушыларды футбол ойнауға үйретудегі дриблинг техникасының маңызы мен түрлері талданады. Сабақтан тыс ұйымдастырылатын «Футбол сабақтарының» артықшылықтары мен кемшіліктері беріледі. Мақаланың атауына сай, орта мектеп оқушыларының футбол дағдыларын дамыту ерекшеліктеріне тиімді оқу бағдарламаларын жасау, есте сақтау қабілеті, жадының дамуы және когнитивті процестер сияқты ерекшелітерді беруде тәрбие әдістері мен тәсілдерін әзірлеу, оқытудың оңтайлы мазмұнын қарастыру, жас ойыншылардың даму мүмкіндіктерін ескеру, табыс тәжірибесін қамтитын оқытуға жұмыс жасау және оқытудың озық үлгілерін пайдалануды жатқызуға болады.
Эмпирикалық бөлімде «Футбол дағдыларын үйрету бағдарламасы» орта мектеп оқушыларына арналған бағдар-ламаның мазмұны ұсынылады. Анықтау және бақылау кезеңдеріндегі бірқатар әдістер сипатталады.
