Бүгінгі таңда білім беру жүйесі тек академиялық білім берумен шектелмей, оқушылардың өмірлік маңызы бар икемді дағдыларын (Soft skills) дамытуға бағытталуда. Жаһандану мен технологиялық прогресс жағдайында жастардан тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар командамен жұмыс істеу, тиімді коммуникация, сыни және креативті ойлау, өзін-өзі басқару және эмоциялық интеллект сияқты икемді дағдылар талап етіледі. Бұл дағдылар замануи еңбек нарығының басты сұранысына айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды – виртуалды шындық (VR), кеңейтілген шындық (AR) және геймификация элементтерін интеграциялау – оқытудың тиімділігін арттырып, оқушылардың тұлғалық дамуына оң ықпал ететін маңызды құрал ретінде қарастырылады. Бұл зерттеудің мақсаты - VR/AR технологиялары мен геймификацияны оқу процесіне енгізу арқылы оқушылардың икемді дағдыларын дамыту мүмкіндіктерін зерттеу болып табылады. Бұл зерттеу теориялық және эмпирикалық тәсілдердің үйлесіміне негізделді. Алдымен, ғылыми әдебиеттерге шолу жасалып, soft skills ұғымы мен VR/AR технологияларының білім берудегі рөлі талданды. Практикалық бөлімде STEM жазғы мектебі аясында 8–11 сынып оқушыларына арналған біркүндік тәжірибелік семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында оқушылар геймификацияланған тапсырмалармен VR құрылғы арқылы жұмыс жасап, олардың әрекеттері сапалық сипатта бақылауға алынды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, оқушылардың креативтілік, коммуникация, өзін-өзі реттеу, эмоциялық тұрақтылық және шешім қабылдау дағдылары айтарлықтай дамыған. Виртуалды тапсырмалармен жұмыс істеу оқушылардың ішкі мотивациясын арттырып, оқу процесіне белсенді қатысуына ықпал еткен. Сонымен қатар, оқушылардың жаңа ортаға бейімделу қабілеті, цифрлық сауаттылығы және әлеуметтік өзара әрекеттесуі де жоғарылағаны байқалды. Бұл зерттеу VR/AR және геймификацияның икемді дағдыларды дамытуда тиімді құрал бола алатынын дәлелдейді.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ VR/AR ЖӘНЕ ГЕЙМИФИКАЦИЯ
Жарияланған December 2025
12
7
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
икемді дағдылар (Soft Skills)
виртуалды шындық (VR)
кеңейтілген шындық (AR)
геймификация
цифрлық білім беру
оқушылар
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Беркимбаев К., Асанбек Б., . 2025. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ VR/AR ЖӘНЕ ГЕЙМИФИКАЦИЯ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2025), 299–308. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.88.4.026.
