Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ МӘДЕНИ ҚҰРЫЛЫМ РЕТІНДЕ: БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СИМВОЛИКАЛЫҚ САЯСАТ

Жарияланған September 2025

6

8

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Аңдатпа

Бұл мақала Қазақстандағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын мәдени құрылым ретінде және оның білім беру мен тәрбие жүйесіндегі символикалық саясатының ерекшеліктерін талдауға арналған. Қоғамдық өмірдің визуалдануы мен медиатизациясы үдерісінде символикалық саясат ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың басты құралына айналуда. Қазақстанда 2017 жылы бастау алған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы посткеңестік кеңістіктегі ең ауқымды мәдени жобалардың бірі болып табылады. Алайда оның символикалық компонентінің тиімділігі интериоризация, эмоциялық қатыстылық және тұрақты ассоциативтік қанықтылық тұрғысынан бірқатар сұрақтар тудырады. Зерттеудің мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының символдық элементтерінің құрылымын, типтерін және қабылдану деңгейін мәдени саясат контекстінде анықтау.

Методологиялық негізі – социосемиотикалық талдау, нарратология және сапалық социологиялық әдістер. Эмпириялық база ретінде 575 респондентке жүргізілген сауалнама, фокус-топтар және бес мақсатты аудиториямен жартылай құрылымдалған сұхбаттар алынған. Зерттеу нәтижелері визуалдық символдардың жоғары танымалдылығын, бірақ когнитивтік интериоризация мен эмоциялық қатыстылықтың төмен деңгейін көрсетті, әсіресе жастар мен ауылдық аймақ тұрғындары арасында. Зерттеу қорытындылары символикалық саясаттың әкімшілік-трансляциялық моделінің шектеулілігін және символдармен жұмыс істеудің диалогтық, интерактивті, соавторлық форматына көшу қажеттілігін дәлелдейді. Мақала символикалық тиімділікті бағалау критерийлерін және мәдени локализация, цифрлық репрезентация, нысаналы топтарды мағына қалыптастыру үдерісіне тарту жөнінде ұсыныстар ұсынады. Зерттеу посткеңестік трансформация жағдайындағы визуалдық мәдениет, символикалық өзара әрекеттестік және идентификациялық тәжірибелерге қатысты заманауи ғылыми пікірталастарды толықтырады. Алынған нәтижелер бағдарлама символдарының білім беру және тәрбие контексттеріндегі жұмыс істеу ерекшеліктерін айқындайды.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Кулсариева А.Т., Нурбаева А.М., Исатаева А.А. , . 2025. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ МӘДЕНИ ҚҰРЫЛЫМ РЕТІНДЕ: БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СИМВОЛИКАЛЫҚ САЯСАТ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2025), 5–19. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.87.3.001.