Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ИНТЕРАКТИВТІ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ КИБЕРГИГИЕНА ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жарияланған December 2025

22

53

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Аңдатпа

Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың кибергигиена және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері қарастырылады. Зерттеу мақсаты – интерактивті ойындар арқылы балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдістерін анықтау және олардың білім беру процесіне интеграциялану мүмкіндігін негіздеу. Зерттеу өзектілігі – цифрлық технологиялардың күнделікті өмірге енуімен қатар балалардың киберқауіптерге тап болу мүмкіндігінің артуымен байланысты. Цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету, дербес деректерді сақтау және зиянды контенттен қорғану баланың тұлғалық, әлеуметтік және зияткерлік дамуы үшін аса маңызды.

Алматы қаласындағы №109 бөбекжай-балабақшасында 5 жастағы 51 балаға тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жүргізілді. Эксперименттік және бақылау топтарында балалардың бастапқы және қорытынды деңгейлері М.А.Панфилованың «Цифрлық кактус» әдістемесі мен Т.Г.Храмцованың бейімделген ойындық тапсырмалары арқылы анықталды. Эксперименттік топпен жүргізілген арнайы интерактивті ойындар кешені – «Қауіпсіз бе, қауіпті ме?», «Менің онлайн көмекшім», «Құпия сөз құрастыр» және «Цифрлық қауіпсіздік лабиринті» секілді мазмұндық блоктарды қамтып, балалардың танымдық, эмоционалдық және мінез-құлықтық құзыреттерін дамытуға бағытталды.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, балалардың кибергигиеналық білім деңгейі мен қауіпсіздікке қатысты мінез-құлқы айтарлықтай жақсарды. Эксперименттік топта жоғары және орта деңгейдегі балалардың саны артты, ал төмен деңгейдегі көрсеткіш төмендеді. Балалар ғаламтордағы қауіп-қатерлерді тануға, құпия деректерді қорғай білуге, киберқауіптен саналы түрде қорғануға бейімделе бастады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Асанханова Ж.Ж., Булшекбаева А.И., . 2025. ИНТЕРАКТИВТІ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ КИБЕРГИГИЕНА ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2025), 399–412. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.88.4.035.