Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ

Жарияланған December 2025

8

10

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университет
Аңдатпа

Мақалада жоғары оқу орны оқытушыларының әдістемелік құзыреттілігін цифрлық технологиялар негізінде жетілдіру мәселесі қарастырылады. «Әдістемелік құзыреттілік» ұғымына берілген анықтамаларға контент-талдау жасалады. Әдістемелік құзыреттілік оқытушының әдістемелік дағдылар, білім мен біліктіліктер жүйесін меңгеру үдерісі және нәтижесі, кәсіби қызметте цифрлық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыратын теориялық және практикалық дағдылардың жиынтығы ретінде анықталады. Әдістемелік құзыреттілік құрылымын келесі деңгейлерге бөліп көрсетуге болады: әдістемелік хабардарлық (әдістемелік даярлық үдерісінде табиғи және меңгерілген тұлғалық сапалардың стандартты жағдаятта көрініс табуы, электрондық курстарды қолдана білуі, электрондық оқыту платформаларымен таныс болуы); әдістемелік сауаттылық (қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес кәсіби іс-әрекетті орындауға дайын болуы, цифрлық технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана білуі, ақпараттық технологиялар саласындағы соңғы үрдістерді білуі); әдістемелік шығармашылық (стандартты емес жағдаятта және стандартты емес тәсілдермен кәсіби мәселені шешуге қабілеті болуы, цифрлық ресурстар мен құралдардың сапасын бағалай білуі, сондай-ақ деректер мен ақпаратты пайдалана отырып, мәселелерді талдауға, синтездеуге және шешуге дайын болуы); әдістемелік шеберлік (құзыреттіліктің ең жоғары көрінісі ретінде қалыптасуы, цифрлық ортада жұмыс істей білуі, цифрлық технологияларды енгізуге байланысты білім беру процесінде өзгерістерге дайын болуы, жаңа жағдайларға бейімделе білуі).

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жалгасова А.А., Сагиндыкова А.И., Бисембай Р.А. , . 2025. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2025), 251–262. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.88.4.022.