Бұл зерттеу бастауыш сынып мұғалімдерінің болашақтағы шығармашылық әлеуетін қалыптастыруда зерттеу-шілік құзыреттіліктерді дамытудың ықпалын зерттеуге бағытталған. Зерттеудің мақсаты – қазіргі кезде қызмет атқарып жүрген мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерінің даму деңгейін анықтап, болашақ педагогтердің зерттеушілік құзыреттіліктерді біріктіретін арнайы даярлығының қажеттілігін ғылыми негіздеу. Зерттеудің негізгі идеясы – педагогикалық қызметтегі зерттеушілік құзыреттіліктер мен шығармашылықтың өзара байланысын талдау, бұл дағдылардың қазіргі жай-күйіне баға беру және оларды болашақ мұғалімдерді даярлау бағдарламаларында мақсатты түрде дамыту жолдарын айқындау. Зерттеуде сапалық және сандық әдістер қолданылған, атап айтқанда: әдебиеттерге шолу және авторлық «Бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылыққа, шығармашылық қызметке бейімділігі мен қызығушылық деңгейін анықтау» сауалнамасын пайдалану арқылы анықтаушы эксперимент жүргізілді. Экспериментке 358 қызметтегі мұғалім қатысты. Негізгі нәтижелер мен тұжырымдар мұғалімдердің басым көпшілігі зерттеушілік құзыреттіліктер мен шығармашылықты дамытудың тікелей байланысын мойындай-тынын және олардың қазіргі заманғы білім беру әдістерін қолданудағы рөлін жоғары бағалайтынын көрсетті. Бұл зерттеудің құндылығы педагогтерді даярлау әдістемесін жетілдіруге, педагогикалық теория мен практиканы шығармашылықты қалыптастырудың заманауи тәсілдерімен байытуға қосқан үлесімен ерекшеленеді. Жұмыстың практикалық маңыздылығы – зерттеушілік құзыреттіліктерді оқу үдерісіне тиімді кіріктіру бойынша ұсыныстар беру арқылы, оқушыларды шығармашылыққа, сондай-ақ жаһандық мәселелерді шешуге шабыттандыра алатын мұғалімдерді кәсіби даярлау мен білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік туғызуында.
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Жарияланған September 2025
2
12
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
зерттеушілік құзыреттілік
шығармашылық қабілет
бастауыш сынып мұғалімдері
диагностика
педагог
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ыбыраимжанов К.Т., Кыстаубаева Б.К., Таурбекова А.С., . 2025. БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2025), 191–201. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.87.3.017.
