Мақалада аутистік спектр бұзылыстары (бұдан әрі-АСБ) бар бастауыш сынып оқушыларын әлеуметтендірудің тиімді құралы ретіндегі диалогтық қарым-қатынастың педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылады.
АСБ бар балалар құрдастарымен толыққанды өзара әрекеттесуге және қарым-қатынас орнатуға ынталы, алайда олардың әлеуметтік интеграциясының төмен деңгейі нәтижесінде оқшаулану, осалдық, әлсіздік және байланысқа түсе алмау сияқты мәселелер туындайды. Диалогтық қарым-қатынас арқылы бұл балалардың әлеуметтік дағдыларын дамыту, өзара түсіністік пен қолдау көрсету, сондай-ақ олардың құрдастарымен қарым-қатынас жасау қабілеттерін нығайту мүмкіндігі бар. Педагогикалық тәсілдер мен әдістерді тиімді пайдалану арқылы АСБ бар балалардың әлеуметтену процесін жақсартуға болады.
Зерттеу мақсаты: аутистік спектр бұзылыстары бар кіші мектеп оқушыларының өзара диалогтық қарым-қатынасын қалыптастыру барысында кездесетін қиындықтарын анықтап және олардың шешу жолдарын қарастыру.
Зерттеу нысаны: эмоционалды-ерікті бұзылысы бар 7-9 жас аралығындағы 120 бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналары.
Зерттеу әдістері: бақылау, мұғалімдердің есебі, сауалнамалар, ата-аналармен сұхбат. Коррекциялық ертегілердің педагогикалық әлеуетін құруға арналған бақылау парағы.
Зерттеу нәтижелері: субъективті өзара әрекеттесудің түрі ретінде диалогтың теориялық және әдістемелік негіздері, сондай-ақ АСБ бар балалардың коммуникативтік даму ерекшеліктеріне талдау жасалынды; диалогтық дағдыларды дамыту мен әлеуметтік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған педагогикалық қолдаудың шарттары мен құралдары негізделген; әлеуметтік қарым-қатынас пен диалогтық өзара әрекеттесуге ықпал ететін ғылыми негізделген оқыту әдістерін қамтитын кешенді бағдарламасы әзірленіп енгізілді.
Практикалық маңыздылығы: диалогтың эмоционалды және сөйлеу құралы ретінде халық ертегілерінің элементтерін қолдануға ерекше назар аударылды. Бұл әдіс АСБ бар бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдыларын жақсартуға, соның арқасында олардың әлеуметтенуіне және қоғамға одан әрі интеграциялануына ықпал етеді.
