Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

АКАДЕМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ: МАГИСТРАТУРАҒА ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН БАҒАЛАУ

Жарияланған December 2025

14

14

Ұлттық тестілеу орталық
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы магистратураға түсуге үміткерлердің сыни тұрғыдан ойлауын бағалауға арналған зерттеу ұсынылған. Авторлар сыни тұрғыдан ойлаудың табысты ғылыми және кәсіби қызмет үшін маңыздылығына тоқталып, оның қазіргі еңбек нарығындағы өзектілігін атап көрсетеді. Сыни және аналитикалық ойлау тапсырмаларын қамтитын магистратураға дайындықты бағалауға бағытталған тестілерді әзірлеуге және сынақтан өткізуге баса назар аударылады. Зерттеуде тест тапсырмаларын әзірлеуші, сарапшылар және Республикалық апелляциялық комиссия мүшелері қатысқан сандық сипаттама әдісі қолданылды. Психометриялық талдау ұсынылған тесттің сенімділігі мен негізділігін айқындап, магистранттар контингентін қалыптастыру үшін тиімділігін көрсетеді. Зерттеудің ерекше құндылығы Қазақстан Республикасындағы сыни және аналитикалық ойлауды бағалау тәжірибесін жүйелеу болып табылады. Жұмыстың практикалық маңыздылығы,  нәтижелер тест әзірлеушілер мен сарапшыларға ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына үміткерлерге де пайдалы болады. Зерттеу нәтижесінде әзірленген тест үміткерлердің оқуға және ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындығын бағалаудың тиімді құралы болып табылатыны анықталды, бұл қазіргі заманғы талаптарға сәйкес білім алушылардың дайындық сапасын жақсартуға ықпал етеді.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Абдрасилов Б.С., Бейсенова Ж.Ж., Шинетова Л.Е., Ниязов Т.Ж., Жабаева Г.К. , . 2025. АКАДЕМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ: МАГИСТРАТУРАҒА ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН БАҒАЛАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2025), 30–45. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.88.4.003.