Мақалада болашақ педагогтардың кәсіби маңызды қасиеттерінің когнитивтік және эмоциялық-тұлғалық компоненттерін теориялық және эмпирикалық зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі танымдық және тұлғалық дамуға жаңа талаптар қоятын жаһандану және цифрландыру сияқты қазіргі заманғы тәуекелдер мен үрдістерді ескере отырып, болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын жүйелі зерттеулерге деген қажеттіліктің өсуіне негізделген. Бұл талаптар трансверсальдық және метакогнитивтік құзыреттердің парадигмасына негізделеді. Зерттеудің мақсаты педагогикалық мансапқа дайындалып жатқан студенттердің когнитивтік және эмоционалдық дамуының ерекшеліктері мен өзара байланысын теориялық негіздеу және эмпирикалық зерттеу болып табылады. Мақалада когнитивтік және метакогнитивтік құзыреттерді, сондай-ақ педагогтарды даярлау жүйелерінде интегративтік қасиеттер ретінде қарастырылатын жеке мінездемелерді зерделеу тәсілдерін жүйелі талдау ұсынылған. Сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерiнде когнитивтiк стиль ерекшелiктерiн және эмоциялық интеллект компоненттерiнiң деңгейлерiн дамыту зерттеледi. Корреляциялық талдаудың көмегімен болашақ педагогтардың кәсіби маңызды қасиеттеріндегі когнитивтік және эмоциялық-тұлғалық компоненттердің өзара байланысы мен өзара ықпалдасуы туралы гипотеза расталады.
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КОГНИТИВТІК ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ-КӘСІБИ ДАМУЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Жарияланған March 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
когнитивтік дағдылар
педагогтың кәсіби маңызды қасиеттері
когнитивтік стиль
эмоционалдық интеллект
метакогнитивтік құзыреттілік
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Fang Yuqi, Kosherbayeva A. , . 2026. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КОГНИТИВТІК ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ-КӘСІБИ ДАМУЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2026), 155–163. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.89.1.015.
