Бұл мақалада болашақ биология пәні мұғалімдерінің практикалық құзыреттіліктерін дамытудағы инновациялық тәсілдер қарастырылған. Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі педагогикалық жоғары оқу орындары студент-терінің заманауи білім беру стандарттарын сәтті енгізуді және биологияны тиімді оқытуды қамтамасыз ететін дағдыларды дамыту қажеттілігімен байланысты. Зерттеу барысында жобалық іс-әрекет, оқу процесінде ақпараттық технологияларды қолдану, сонымен қатар ғылыми-зерттеу әдістерін енгізу сияқты практикалық құзыреттіліктерді дамытуға ықпал ететін әр түрлі әдістер мен оқыту технологиялары қарастырылды. Зерттеу әдістері ретінде сауал-нама, практикалық дағдыларды тестілеу, бақылау және статистикалық талдау қолданылды. Зерттеу нәтижелері болашақ биология пәні мұғалімдерін даярлау процесіне инновациялық технологияларды енгізу олардың практи-калық дайындығын жетілдіруге, сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға және теориялық білімдерін практикада қолдана білуге ықпал ететіндігін көрсетті. Мультимедиялық және интерактивті әдістерді, сондай-ақ виртуалды зертханалар мен AR-технологияларын қолдану, жобалық тапсырмаларды пайдалану тиімді болып шықты, бұл студенттердің практикалық дағдыларын тереңдетуге және шығармашылық көзқарасын дамытуға оң әсер етті. Инновациялық әдіс-тәсілдерді интеграциялау студенттердің практикалық құзыреттілік деңгейін 20-30%-ға арттырды, ең үлкен ілгерілеу топтық жұмыс және эксперимент жүргізу дағдыларында байқалды. Мұндай тәсілдерді енгізу болашақ мұғалімдердің өзіндік жұмысының деңгейін едәуір арттыруға, оларды білім беру ұйымдарының нақты жағдайында оқытудың инновациялық әдістерін қолдануға дайындауға мүмкіндік берді. Зерттеу қорытындысы болашақ биология пәні мұғалімдерінің практикалық дамуына баса назар аудара отырып, мұғалімдерді даярлауда оқытудың инновациялық әдістерін одан әрі дамытудың маңыздылығын көрсетеді және болашақ биология пәні мұғалімдерін даярлау жағдайында оқу жоспарлары мен педагогикалық технологияларды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.
БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
Жарияланған September 2025
2
5
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
педагогикалық тәсілдер
инновациялық тәсілдер
практикалық құзыреттілік
мұғалімдерді даярлау
биологияны оқыту
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Tolegen A., Erten S., Zhanbekov Kh., . 2025. БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2025), 289–303. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.87.3.026.
