Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ МЕТАҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жарияланған September 2025

6

14

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті
Аңдатпа

Мақалада педагог-психологтардың кәсіби дайындығында цифрлық технологияларды қолдану арқылы метақұзы-реттіліктерді қалыптастырудың маңыздылығы қарастырылады. Мета-құзыреттер жоғары тұжырымдамалық деңгейді білдіреді және жан-жақты кәсіби құзыреттер ретінде қарастырылады. Зерттеу мақсаты: педагог-психолог үшін метақұзыреттіліктерді қалыптастырудың маңыздылығын теориялық талдау және цифрлық технологияларды қолдану арқылы педагог-психологтардың кәсіби метақұзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық жағдайларын әзірлеуді эксперименттік зерттеу.

Зерттеу әдістері: тестілеу, сауалнама, бақылау. Әдістемелер: сыни тұрғыдан ойлау тесті; өзін-өзі реттеу шкаласы; Карпов рефлексиясын анықтау шкаласы; DigCompEdu тесті (цифрлық құзыреттілікті анықтауға); SWOT-талдау (құзыреттілікті интеграциялау); оқыту аналитикасы (белсенділік динамикасы).

Зерттеу нәтижелері: жалпы метақұзыреттіліктер мен цифрлық құзыреттілікке теориялық талдау жүргізілді. Болашақ педагог-психологтың метақұзыреттіліктерді кәсіби қызметінде қалай пайдалана алатыны анықталды. Болашақ педагог-психологтардың цифрлық тұтынудың қалыптасу деңгейлері эксперименталды түрде анықталды. Метақұзыреттіліктің келесі компоненттері анықталды: когнитивті; реттеуші, коммуникативті, цифрлық және интегративті. Ғылыми-практикалық маңыздылығы: болашақ педагог-психологтарда метақұзыреттіліктерді дамыту құралы ретінде цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігі расталды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Макулова А.А., Усенова А.М., Мырзабеков Е.Е., Оралбекова А.К., . 2025. ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ МЕТАҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2025), 245–255. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.87.3.022.