Бұл мақала аралас деңгейлі топтарға ағылшын тілін оқытуда ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (АКТ) интеграциялау бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынады. АКТ білім беру үдерісінде маңызды рөл атқарады, студенттердің мотивациясын арттырып, жалпы білім сапасын жақсартады. Ағылшын тілін оқытуға осы технологияларды енгізу оқу ортасын тартымды әрі динамикалық оқу ортасын құруға әсер етеді. Жүргізілген зерттеу АКТ құралдарының когнитивтік белсенділікті қалай жеңілдететінін және әртүрлі деңгейдегі студенттер үшін интерактивті оқу тәжірибесін қалай қалыптастыратынын зерделеді. Деректерді жинау үшін екі зерттеу әдісі қолда-нылды: сауалнама және эксперимент. Нәтижелер көрсеткендей, белгілі бір қиындықтарға қарамастан, АКТ құрал-дары студенттерге ағылшын тілін үйренуде жоғары мотивация бола алды. Эксперимент онлайн платформаларды, мультимедиалық ресурстарды және интерактивті қосымшаларды ағылшын тілін оқытуға интеграциялау жеке оқыту әрекеттерін ұсыну арқылы студенттердің тілдік дағдыларын едәуір жақсартатынын көрсетті. Авторлар оқытушылар АКТ құралдары мен дәстүрлі оқыту әдістерін теңдестіріп пайдалануға қажетті дайындықтан өтсе студенттердің ағылшын тілі деңгейін одан әрі арттыра алады деп санайды.
УНИВЕРСИТЕТТЕ ӘРТҮРЛІ ДЕҢГЕЙДЕГІ ТОПТАРҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Жарияланған September 2025
1
5
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
оқыту
ағылшын тілі
аралас деңгейлі топтар
интерактивті іс-әрекеттер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Iliyassova A., Aslan R., . 2025. УНИВЕРСИТЕТТЕ ӘРТҮРЛІ ДЕҢГЕЙДЕГІ ТОПТАРҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2025), 143–153. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.87.3.013.
