Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЙЫ МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ

Жарияланған September 2025

6

6

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университет
Аңдатпа

Мақалада зияты зақымдалған жоғарғы сынып оқушыларына арналған арнайы мектеп жағдайында кәсіби бағдар беру мәселесі жан-жақты және кешенді түрде қарастырылады. Эмпирикалық зерттеу нәтижелері негізінде аталған санаттағы оқушылардың кәсіптік қызығушылықтары, еңбекке деген мотивация деңгейі және кәсіби бейімделу көрсеткіштері талданады. Зерттеу барысында оқушылардың еңбекке және кәсіби қызметке деген көзқарастары, өзін-өзі болашақ маман ретінде тану деңгейі, сондай-ақ еңбек нарығындағы мүмкіндіктері мен шектеулері жүйелі түрде қарастырылған. Кәсіби бағдар беру үдерісінде арнайы педагогтар мен әлеуметтік серіктестердің (ата-аналар, жұмыс берушілер, психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары) ынтымақтастығының маңыздылығы айқындалды. Бұл серіктестік оқушылардың тұлғалық және кәсіби әлеуетін тиімді ашуға, олардың әлеуметтік бейімделу және еңбек нарығына интеграциялану мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Мақалада кәсіби бағдар беру жұмысының ұйым-дастырылу ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері мен педагогикалық шарттары сипатталды.

Эмпирикалық деректерге сүйене отырып, кәсіби бағдар беру жүйесінің тиімді моделін әзірлеуге арналған ұсыныстар ұсынылған. Бұл ұсыныстар оқушылардың тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби дамуын қолдауға, олардың болашақта еңбек нарығына табысты енуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, арнайы білім беру мекемелерінде кәсіби бағдар беру қызметін жүйелі және кешенді түрде ұйымдастырудың практикалық тәсілдері ұсынылады. Мақала зияты зақымдалған оқушылардың кәсіби бағдар беру үдерісін жетілдіруге, олардың еңбекке және қоғамға бейімделуін қамтамасыз етуге арналған ғылыми-тәжірибелік негіздеме болып табылады.

Pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мовкебаева З.А.,Рахышова А.С. , . 2025. ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЙЫ МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2025), 375–388. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.87.3.034.