Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ ЦИФРЛЫҚ КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДАР ЖАСАУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланған March 2026

0

0

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университет
Аңдатпа

Мақалада қазіргі замандағы кез келген физика пәні мұғалімі цифрлық көрнекілік құралдарын құрастыруға бейімді болуы керек деген талап негізгі түрткі болып отыр. Бейімділіктің қалыптасуына мұғалімнің бойындағы сараптау бағытындағы виртуалды шығармашылдық жобаларды жүзеге асыру қабілеті шешуші әсер беретіндігі туралы айтылды. Цифрлық көрнекілік құрал жасау барысы шығармашылдық іс-әрекет әдістерін жүзеге асырудан тұратындығы ескеріліп, болашақ мұғалімнің студенттік кезеңінен бастап бұл бағытта аналитикалық зерттеулер жүргізуі керектігі айқындалды.

Жұмыстың мақсаты виртуалданған білім беру құралдарының табиғи көрнекілік құралдардан артықшылықтары, кемшіліктері, жүзеге асыру барысында кездесетін қиындықтар, оларды шешу жолдары және цифрлық көрнекілік құрал жасау үшін көрнекілік-аналитикалық әдістерін қолданудағы педагогикалық ерекшеліктерді қарастыру болып отыр. Зерттеу материалдары ретінде педагогика негізін қалаушы ғалымдар еңбектері, рецензияланатын ғылыми басылымдарда жарияланған еңбектер, сандық-сараптамалық технологиялар қолданылды. Виртуалды зерттеу ортасын құруда ЖОО-дағы болашақ мұғалімнің санасында аналитикалық көзқарасты қалыптастыру алгоритмін алға тарту мәселелері өзекті деп танылды. Көрнекілік жасау барысында ескерілуге тиісті көрнекілік аналитика ұғымы енгізілді, педагогикалық жағдаяттар келтіріліп, теоремалар ұсынылды. Аналитикалық модел  негізінде құрастырылған әдістемені пайдалана отырып, көрнекіленген оқу құралын жасау тапсырмасы студенттермен жүзеге асырылды. Зерттеудің нәтижесі ретінде осы тапсырмаларды студенттер қаншалықты деңгейде орындағандығы сарапталды. Көрнекіленген оқыту құралдарын жасауда көрнекілік-аналитикалық әдістерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері анықталды.

pdf
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Каримова А.Т., Курбанбеков Б.А., Чорух Али , . 2026. БОЛАШАҚ ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ ЦИФРЛЫҚ КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДАР ЖАСАУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2026), 173–183. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.89.1.017.