Ұсынылған мақала сандық педагогикаға арналған инновациялық білім беру шешімдеріне арналады. Қазақстан Республикасында «Цифрлық Қазақстан» жүйесі 2018 жылдан бері жұмыс жасап келеді, оның бес негізгі бағыты бар: «Экономика салаларын цифрландыру», «Цифрлық мемлекетке көшу», «Цифрлық Жібек жолын іске асыру», «Адами капиталды дамыту», «Инновациялық экожүйені құру».
Мақаланы жазудағы негізгі мақсат: «Цифрлық педагогика: білім беру ресурстарын қолдану» тақырыбы бойынша педагогикалық зерттеу нәтижелерін көрсету. Зерттеуге арналған негізгі материалдар ғылыми-теориялық ақпараттар, университеттің есептік құжаттамасы, әлеуметтік-педагогикалық диагностика аясында респонденттердің жауаптары-мен алынған бланкілер болды. Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық, әлеумет-тік-экономикалық және техникалық әдебиеттерді талдау; салыстырмалы және жүйелік-құрылымдық талдау; социологиялық сұрау және сауалнама.
Нәтижелер жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан сипатталған трансформациялық процестер, цифрлық трансформацияны ескере отырып, қазіргі білім беру үдерісі дидактикасының терминологиялық аппараты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің педагогика факультеті студенттері мен оқытушылары арасында жүргізілген социологиялық сауалнама нәтижелері.
