Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА LMS ОНЛАЙН ПЛАТФОРМАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ

Жарияланған December 2025

13

31

Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университет
Аңдатпа

Заманауи білім беру жүйесінде цифрлық технологиялардың енгізілуі, әсіресе жоғары оқу орындарында ағылшын тілін үйренетін білім алушылар мен бұл пәнді оқытатын оқытушылар үшін, оқыту процесін тиімдірек ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қазақстанның 100 ден аса жоғары оқу орындарында кредиттік жүйе мен қашықтықтан оқыту технологияларын автоматтандыруға мүмкіндік беретін «Platonus» ақпараттық жүйесі енгізілген. Ол университеттің барлық маңызды оқиғалары мен процестерін көрсететін орталықтандырылған дерекқорға ие. Дегенмен, артықшылықтарына қарамастан, жүйе оқытушылар мен білім алушылардың қажеттіліктеріне қарай жеке бейімдеудің болмауы сияқты бірқатар кедергілері бар.

Бұл зерттеу жұмысы білім беру саласындағы цифрлық трансформацияның ағылшын тілін оқытудағы ықпалына арналады, оның ішінде LMS (Learning Management System) онлайн платформаларын пайдалану мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – LMS онлайн платформаларының ағылшын тілін оқытуда білім алушылар мен оқытушылар үшін тиімділігі, олардың білім беру процесіндегі рөлі, сондай-ақ онлайн оқу құралының интерактивтілігі мен қолжетімділігі талданады. Әдіснамалық тұрғыдан зерттеу салыстырмалы және сандық әдістерді қолдана отырып, ағылшын тілін оқуда Moodle және OTC Programme секілді LMS онлайн платформаларын пайдалану тәжірибелерін талдау арқылы жүзеге асырылды. Мәселені зерделеу үшін сабақ барысында онлайн платформаларды қолданатын және қолданбайтын 185 респонденттен сауалнама алу арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде LMS онлайн платформаларының ағылшын тілін оқытуда білім алушылардың мотивациясын арттыруға, оқу материалдарын оңай қолжетімді етуге және оқу процесін жеке қажеттіліктерге сәйкес бейімдеуге мүмкіндік беретіндігі  дәлелденді. Алынған нәтижелер бойынша, онлайн платформалардың тиімділігіне кедергі келтіретін факторлар да анықталды, олар техникалық қиындықтар мен білім алушылардың цифрлық құзіреттілік деңгейінің жеткіліксіздігі болып табылады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Калибаева Д.Б., Карбозова Г.К., Сманова Г.И., . 2025. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА LMS ОНЛАЙН ПЛАТФОРМАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2025), 124–135. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.88.4.012.