Көпмәдениетті білім беру кеңістігі тұлғаны оқу іс-әрекеті үдерісінде құндылықтарды ұғынуға, тілге, тарихқа, ұлттық мәдениеткебаулуға, өзінің және басқа халықтың салт-дәстүрі менәдет-ғұрпын тануға әсер етеді.Ана тілді, тарихты, мәдениетқұндылықтарын, ұлттық идеяны ұғыну,басқа ұлт өкілдерін қабылдаудағы толеранттылық тұлғаның ұлттық өзіндік сананың құрамдас бөлігі ретінде әртүрлі ұлттарды біріктіру мен мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды.Бұл ұлттық өзіндік сананың деңгейінің жағымды тасымалдаушысы ретінде болашақ педагогтарды кәсіби даярлау үрдісінің басым міндеттеріне қол жеткізуге негізделген.
Осы орайда, қазіргі заманауи білім беру тенденциялары болашақ педагогтардаұлттық өзіндік сананы қалыптастыруүшінжаңа ресурстаріздеу туралы мәселенің қажеттілігі қойылады.Біздіңкөзқарасымыз бойынша, педагогикалық университеттің білім беру ортасының контекстінде мұндай стратегияның мақсаты кроссмәдени және құзыреттілікке негізделген тәсілдеменің интеграциясы.Біртұтас педагогикалық үрдіс контекстіндегі зерттеу көпмәдениеттілік шеңберіндегі кросс-мәдени құзыреттілікке бағдарланған орта ретінде сипатталады.
Мақалада ұлттық өзіндік сананы дамыту жолдары ретіндегі кәсіби құзыреттіліксипатында қарастырылған, сонымен қатарболашақ педагогтардың ұлттық өзіндік санасын қалыптастыруда кроссмәдени және құзыреттілікке негізделген тәсілдеме туралы мәселеге талдау жасалған. Кәсіби құзыреттілік, кросс-мәдени сауаттылық, ұлтаралық құзыреттілік, көпмәдениетті аймақтағы құзыреттілікұлттық өзіндік сананы дамыту жағдайына арналған кросс-мәдени құзыреттілікке бағдарланған ортаны құрайды.
