Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕП ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫНАСЫН ТАЛДАУ

Жарияланған April 2025

0

0

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада заманауи инклюзивті білім беру мазмұнының өзгеруіне байланысты педагогтардың қатынасы мен көзқарастары талданып зерттелінеді. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру үшін педагогтардың жеке сұраныстары мен кәсіби қажеттіліктеріне талдау жасалды. Зерттеу 3 модульден тұратын Лайкерт шкаласы бойынша анкеттеу арқылы жүргізілді. Бірінші модулінде қатысушының инклюзивті білім беруге байланысты жеке қызығушылықтары мен кәсіби қажеттіліктері қамтылды.  Екінші модулінде мектеп педагогтерінің инклюзивті білім беру саласындағы білімі мен құзыреттілігі, оның ішінде инклюзивті білім берудің тұжырымдамалық аппаратын меңгеруі, баланың ерекше қажеттіліктерін  бағалай алуы, «ерекше қажеттіліктері» бар балаларды қолдау траекториясын меңгеруі қарастырылды. Үшінші модульге тоқталатын болсақ, мұғалімдердің білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға деген көзқарасы зерттелді. Алынған деректерді талдау негізінде қатысушылардың инклюзивті білімге қатынасын қарастырып, болашақта педагогтерді даярлауда маңызды мәселелерін анықтауға тырыстық.

Нәтижесінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс тәжірибесі бар мектеп мұғалімдері оң көзқараста екенін және "ерекше қажеттіліктері бар" балалармен жұмыс істеуге қарсы емес екенін анықтауға болады.  Сондай-ақ, зерттеу нәтижелері педагогтердің көпшілігі өздерінің кәсіби және жеке дамуына ықпал ететін жаңа жағдайларды  қабылдауға дайын екендіктерін көрсетті.  Сонымен қатар, сауалнамаға қатысушылар  бұл шешімдерінің өзі негізделгені және түсінікті болуы керектігі туралы және нақты ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуы, мұғалімдердің өзін-өзі кәсіби дамуына ықпал етуі туралы ой-пікір білдірді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жумагелдиева А.Д., Абаева Г.А., . 2025. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕП ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫНАСЫН ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Квіт 2025), 27–35. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.85.1.003.