Бұл зерттеу Үржар ауданының орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларының білім беру процесіне шығармашылық тұрғыдан жазуды үйретуде мұғалімдердің рөлін қарастырады. Зерттеудің мақсаты-мұғалімдердің шығармашылық жазуға аңықтама берулері, олардың оқу процесінде кездесетін қиындықтарды және жазудың осы аспектісін дамыту үшін ұсыныстарды қарастыру. Зерттеу әдістері деректерді сапалық және сандық талдауды біріктіретін аралас тәсілді қолдануды қамтиды. Сауалнама Абай облысы Үржар ауданының орта мектеп мұғалімдері арасында кездейсоқ іріктеу және Google Forms арқылы жүргізілді. Зерттеуге барлығы жүз мұғалім қатысты. Нәтижелер көрсеткендей, мұғалімдердің көпшілігі шығармашылық жазуды жазбаша көріністің бір түрі ретінде анықтағанымен, мұғалімдердің едәуір бөлігі оны өзінің педагогикалық практикасына сирек араластырады, бұл жазудың осы түрін білім беру бағдарламаларында бекіту қажеттілігін көрсетеді. Зерттеу шығармашылық жазуды оқу процесіне енгізудің маңыздылығын көрсетеді және анықталған мәселелерді шешудің стратегияларын ұсынады.
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗУДЫ ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ТАЛДАУ
Жарияланған April 2025
179
55
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
шығармашылық тұрғыдан жазу
ағылшын тілі
мұғалімдердің көз қарасы
педагогика
орта мектеп мұғалімі
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Kalimova Zh.,Akkaliyeva A., Sovetova G., . 2025. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАЗУДЫ ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 3, 86 (Квіт 2025), 255–261. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.85.1.024.
