Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

МҰҒАЛІМДЕР МЕН ОҚУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІНЕ ӘСЕРІ

Жарияланған September 2025

2

4

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университет
Аңдатпа

Мақалада мұғалімнің оқушылармен және ата-аналардың қарым-қатынасының жасөспірімдердің оқу үлгеріміне ықпалы қарастырылған. Осы тақырып бойынша отандық және шетелдік дереккөздерге шолу жүргізілді. Мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынас мәселелеріне ерекше назар аударылып, олардың тиімді әрекеттестігіне келтіретін кедергілер мен қиындықтарға тап болған оқушыларға олардың үлгеріміне отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынастың әсері және олардың мектептегі үлгеріміне ықпал ету тәсілі ретінде маңыздылығы талданған. Мұғалімнің оқушыларға қатынасының сипаттамаларын және ата-аналардың балаларымен қарым-қатынасын анықтау үшін  А.Я.Варга және В.В.Столиннің ата-аналық қарым-қатынас тест-сауалнамасы (QPA) қолданылды. Эмпирикалық зерттеу Көкшетау қаласының төрт жалпы білім беретін мектептерінде өткізілген  №16, №13, №10 және №19 және осы мектептердің 56 мұғалімдері, 86 ата-аналар қатысты. Нәтижесінде мұғалімдер үлгерімі төмен оқушыларға деген көзқарасы ата-аналардың көзқарасынан айтарлықтай ерекшеленетінін көрсетті, сонымен қатар, оқу үлгерімі төмен жасөспірімдерге қарым-қатынасы мен олардың оқу нәтижелерінің динамикасы арасындағы байланыс экспери-менттік түрде расталды, және де ата-аналар үшін жасөспірімдердің дамуына мұғалімнің рөлінің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді. Дегенмен, оқу үлгерімі үшін ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынастың мәнін түсінуге, оқуда қиындықтары бар жасөспірімдерді  оқытуда жеке көзқарас мәселелері бойынша мұғалімдердің дайындығын жетілдіру қажеттілігін көрсеті.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Кайникенова Г.К., Бекенова Д.У., Оразбаева К.О., Кусаинова Г.Т., . 2025. МҰҒАЛІМДЕР МЕН ОҚУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІНЕ ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2025), 342–349. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.87.3.031.