Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ АРТТЫРУДАҒЫ НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланған September 2025

0

4

Қ.А.Ясауи атындағы Халықараралық қазақ-түрік университет
Аңдатпа

Аталаған мақалада педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытудағы нейролингвистикалық бағдарламалау технологияларының әдіснамалық ерекшеліктерін анықтау және олардың білім беру үдерісінде тиімді қолданылуына талдау жасалған. Сонымен қатар, нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) әдістері, отандық және шет елдік зерттеушілердің еңбектерінен зерделенді. Зерттеуге НЛБ әдістерін оқудан өткен эксперименттік топ және бұл оқудан өтпеген бақылау тобына қатысты ақпарат беріледі. Педагогикалық құзыреттілік деңгейін, коммуникациялық дағдыларды және оқытудың инновациялық әдістерін қолдануды бағалау үшін арнайы құрастырылған сауалнамалар нәтижелері өңделіп, өзін-өзі бағалау және сабақ өткізу барысын бақылау әдістері қолдану тәсілдері көрсетілді. Зерттеу нәтижелері эксперименттік топтағы қатысушылардың құзыреттілігінің айтарлықтай жақсарғанын, әсіресе коммуникациялық дағдылар мен инновациялық әдістерді қолдану тұрғысынан көрсетілді. Зерттеу жұмысымызда НЛБ әдістерінің педагогикалық құзыреттілікті арттырудың тиімді құралы ретіндегі рөлі айқындалды. Сонымен қатар, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруда нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) технологияларын қолданудың әдіснамалық негіздерін талдауға бағытталды. 1970 жылдары Ричард Бэндлер мен Джон Гриндер әзірлеген НЛБ мінез-құлық пен коммуникацияның үлгілерін модельдеуге негізделген теориялары қарастырылды. Педагогикада ол оқытудың тиімділігін арттыру және инновациялық әдістерді дамыту құралы ретінде қызмет етеді. Зерттеуде НЛБ-ның раппорт, якорлау және рефрейминг сияқты негізгі әдістері қарастырылып, олардың мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, оқыту процесін даралауға және мотивацияны арттыруға ықпалы көрсетілді. Нәтижелер НЛБ эмоционалдық интеллектті, сыни ойлауды және оқушылардың белсенділігін дамытуға ықпал ететінін дәлелдейді. Сонымен қатар, НЛБ әдістері арқылы оқушылардың жеке қажеттіліктері мен оқыту стилін ескере отырып, қолдау көрсететін білім беру ортасын құруға болады. Дегенмен, НЛБ-ның білім беру саласындағы тиімділігін толық растау үшін қосымша эмпирикалық зерттеулер қажет екені атап өтіледі.

pdf
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Kuanyshbaeva A., Zhumabekova F., . 2025. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ АРТТЫРУДАҒЫ НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2025), 71–80. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.87.3.006.