Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

СЫНИ ОЙЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЭЫДҰ 2030 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЯСЫНДА

Жарияланған December 2025

6

4

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университет
Аңдатпа

Мақалада математикалық модельдерді оқу, кәсіби іскерліктер мен дағдыларды үйрету барысында студенттердің сыни ойлауын, пәнаралық және математикалық білімдерін қалыптастыру және дамыту мәселелері қарастырылған. Бұл жұмыстың мақсаты мен маңызы студенттерде сыни тұрғыдан ойлауды, пәнаралық білім мен дифференциалды модельдерді құру дағдыларын қалыптастыру және дамыту әдістемесін жасау болып табылады. Зерттеу нәтижелерін талдау (әдебиеттік талдау, диагностикалық тестілер, сауалнамалар, студенттермен сұхбат) сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру және дамыту процесі зерттеушілік дағдыларды, рефлексия дағдыларын қалыптастыру мен дамытудан, дедукцияны қолданудан, пәнаралық білімдерден тұратынын анықтады. Сонымен қатар, мұндай жұмыстарды жүзеге асыру үшін пәнаралық білімді біріктіретін нақты құбылыстарды сипаттайтын шағын тақырыптар тізімін жасау қажет. Жұмыста жалпы ұғымдар мен пәнаралық білім арқылы оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыру және дамыту тұрғысында модельдік теңдеулерді зерттеу әдістемесін көрсету үшін екі мысал келтірілген. Ұсынылып отырған әдістеме студенттерде сыни тұрғыдан ойлауды және пәнаралық білімді қалыптастыру мен дамыту әдістемесін одан әрі дамытуға ықпал етеді. Алынған нәтижелерді біріктірілген курстарды жазу кезінде пайдалануға болады.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Нургабыл Д.Н., Есжанова С.Г., Тасболатова Р., Ахметов Ж.У., . 2025. СЫНИ ОЙЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЭЫДҰ 2030 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЯСЫНДА. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2025), 23–29. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.88.4.002.