Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланған September 2024

40

51

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университет
Аңдатпа

Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттілігі арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытудың құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері баяндалады. Құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктер бірнеше кезеңдерден тұрады. Теориялық талдаулар бойынша «зерттеушілік құзыреттілік», «шығармашылық қабілеттер» ұғымдарының категориялық аппараты философиялық, психологиялық және педагогикалық аспектілерде түсіндіріледі. Негізгі ұғымдардың құрылымы мен мазмұны сипатталады. Теориялық талдауларды негізге ала отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеу құзыреттілігі арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдіснамалық маңызын құрайтын жүйелік тұғыр, зерттеушілік тұғыр, шығармашылық тұғыр, тұлғалық-бағдарлы тұғырлар, олардың атқаратын функциялары туралы айтылады.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеу құзыреттілігі арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі динамикалық байланыстағы мотивациялық, танымдық және тұлғалық-әлеуметтік, рефлексиялық компоненттер мен өлшемдер, көрсеткіштерден, жоғары, орта және төмен деңгейлер бойынша ашып түсіндіріледі. Шығармашылық қабілеттілік – стандартты емес мәселелердің шешімін табу, өзіндік өнімдерін жасау, өнімді ойлау және қиялдың жаңа белгілерін қалыптастырудағы қабілеттердің кешені деп нақтыланады.

Мақаланың эмпирикалық бөлімінде болашақ педагогтердің шығармашылық деңгейін анықтаудағы диагностикалық әдістері талданып негізге алынады. Авторлар тарапынан тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізіліп, 96 респондент қатысты. Зерттелушілерге 15 сұрақтық сауалнама жүргізіліп, оның диагностикалық нәтиежелері беріледі. Қалыптастыру эксперименті бойынша «Тұлғаның зерттеушулік құзыреттілігі арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдістемесі»  атты элективті курс бағдарламасы мен оқу-тақырыптық жоспары ұсынылады.  Қорытындыда негізгі тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар айтылады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ыбыраимжанов К.Т., Фейзулдаева С.А., Баекеева Ф.С., . 2024. БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 83, 3 (Вер 2024), 188–209. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.83.3.018.