Тестілеу – білім алушылардың тілдік құзыреттілігін дамыту үдерісін өлшеуде кеңінен қолданылатын өлшеу құралы. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктеріне сәйкес келетін жарамды және сенімді тілдік тесттердің болуы өте маңызды. Қазақстанда шетел тілін оқытуда тілдік тестілеуді құрастыру бойынша зерттеулер жеткіліксіз. Бұл зерттеудің мақсаты — Гази ТӨМЕР дайындаған шетел тілі (түрік тілі) біліктілік тестінің үлгісін пайдалана отырып, тілдік тестілеуді әзірлеу үдерісінің негізгі кезеңдерін және мазмұндылық жағынан жарамдылық талдауын жүргізуді іс жүзінде көрсету. Зерттеу әдісі сандық зерттеу моделіне негізделген. Жарамдылықты талдауға арналған зерттеу үлгісі Гази ТӨМЕР-де тәжірибесі бар 7 сарапшыдан тұрды. Сенімділік талдауы үшін зерттеу үлгісі Абай атындағы ҚазҰПУ-да білім алған барлығы 66 студентті қамтиды. Зерттеудің бірінші бөлімінде сәйкес тесттің мазмұндылық жағынан жарамдылығы тексерілді. Осы мақсатта оқу нәтижелерін бағалау үшін Уэбб анықтаған критерийлер, осы саладағы сарапшылардан алынған пікірлер Lawshe әдісі негізінде бағаланды. 45 сұрақтан тұратын тесттің CVR көрсеткіші .96, ал CVI “маңызды” болып табылды. Зерттеудің екінші бөлімі сенімділік талдауын қамтыды. Осы мақсатта тесттің пилоттық қолдануынан алынған деректер негізінде тесттегі әрбір элементтің қиындық деңгейі зерттелді. Деректер Excel және SPSS бағдарламалары арқылы талданды. Сонымен қатар, KR-20 мәні .80 болып есептеліп, сәйкесінше аталмыш тест сенімді болып табылды. Зерттеудегі қадамдар мен нәтижелер әртүрлі салаларда жарамды және сенімді тестілеуді жасау процесіне басшылық етеді деп күтілуде.
ТІЛДІК ТЕСТІЛЕУДІ ҚҰРАСТЫРУ ҮДЕРІСІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ЖАРАМДЫЛЫҚТЫ ТАЛДАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ: ГАЗИ ТӨМЕР КЕ
Жарияланған September 2024
24
32
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Daurenbek S., Ivatov S., Abuov Zh., . 2024. ТІЛДІК ТЕСТІЛЕУДІ ҚҰРАСТЫРУ ҮДЕРІСІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ЖАРАМДЫЛЫҚТЫ ТАЛДАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ: ГАЗИ ТӨМЕР КЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 83, 3 (Вер 2024), 92–102. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.83.3.009.