Бұл зерттеуде білім алушылар дене шынықтыру сабақтары кезінде қолданатын метакогнитивті стратегиялар, сондай-ақ олардың әлеуетті әсері мен салдарлары талданды. Бұдан басқа, дене шынықтырумен айналысу арқылы мектеп оқушыларының метакогнитивтік қабілеттерін дамыту мүмкіндігі туралы мәселе қаралды. Эксперименттік зерттеу төрт кезеңнен тұрады: мектептердегі дене тәрбиесі жөніндегі әдебиетке шолу жасау, метакогнитивтік қабілеттерді бағалау үшін рәсімдер әзірлеу және пилоттық зерттеу жүргізу. Төртінші кезеңде деректерді жинаудың негізгі құралы мектеп педагогтарын, сыныптар мен сабақтарды қоса алғанда, зерттеуге қатысушылармен жүргізілген жартылай құрылымдалған сұхбаттармен толықтырылған арнайы әзірленген сауалнама болды. Зерттеудің алдын ала кезеңі барысында алынған деректер негізінде он үш жастан он бес жасқа дейінгі білім алушылар тиімді метакогнитивтік қабілеттерді дамытуда қиындықтарға ұшырайды деген қорытынды жасауға болады.
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕТАКОГНИТИВТІК ҚАБІЛЕТТЕРІНІҢ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУ
Жарияланған September 2024
22
20
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
метатану
метакогнитивтік қабілеттер
метакогниция
метакогнитивтік стильдер
метакогнитивтік стратегиялар
дене тәрбиесі
білім алушылар
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Попандопуло А.С., Тулекова Г.М., Антикеева С.К., . 2024. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕТАКОГНИТИВТІК ҚАБІЛЕТТЕРІНІҢ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 83, 3 (Вер 2024), 324–334. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.83.3.030.