Бұл мақала шет тілін оқытуда коммуникативтік дағдыларды дамытуға бағытталған оқытудың интербелсенді әдістеріне арналған, атап айтқанда, зерттеу жалпы білім беру ұйымдарында ағылшын тілін оқыту негізінде жүргізілді. Интербелсендіі әдістер жаңа білім беруде әр түрлі ойындар мен іс-шаралар арқылы сөйлеу дағдыларын жетілдіру құралы ретінде кеңінен таралған, бұл өз кезегінде оқушылар мен студенттерге берілген тілді жақсы түсінуге және сөйлеуге, сондай-ақ өз пікірін айтуға, топта жұмыс істеуге, дәлелдер келтіруге және көпшілік алдында сөйлеуге көмектеседі. Пікірталас, немесе дискуссиялық әдістері тиімді интербелсенді әдістердің бірі болып саналады, бірақ уақыт талабына сай жаңа әдістер ойластырылып, кеңінен қолданысқа енгізіліп жатыр, ал мұғалімдер үшін олардың шет тілін оқытуда қолданудағы тиімділігі және нақты мақсатқа жетуге мүмкіншілігі белгісіз. Оларды іске асыру, ұйымдастыру, осы міндеттерді орындау арқылы мақсатқа жету мүмкіндігі, сондай-ақ жаңа технологияларды интеграциялау туралы сұрақтар қойылады. Бұл мақалада жоғарыда айтылған мәселелер ашылып, ағылшын тілі сабағында заманауи пікірталас және дискуссиялық әдістерін қолдану нәтижелері көрсетілген.
ДИСКУССИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ СӨЙЛЕСІМ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯСЫ РЕТІНДЕГІ ҚОЛДАНУ
Жарияланған October 2020
427
184
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
пікірталас әдістері, интерактивті әдістер, байланыс, ынтымақтастық, топтық жұмыс, пікірталас, қарым-қатынас, мотивация, пікірсайыс
пікірталас әдістері, интерактивті әдістер, байланыс, ынтымақтастық, топтық жұмыс, пікірталас, қарым-қатынас, мотивация, пікірсайыс.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Абдуллина Т.Т., Баданбеккызы З. , . 2020. ДИСКУССИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ СӨЙЛЕСІМ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯСЫ РЕТІНДЕГІ ҚОЛДАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 71, 3 (Жов 2020), 90–97. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-5496.10.