Бұл мақала Қазақстандағы жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқыту (EMI) бойынша жазылған ғылыми әдебиеттерді жүйелі түрде зерттеуге арналған. EMI – бәсекеге қабілетті, жоғары білікті адами капиталды құру мақсатында жоғары білім беруді интернационалдандыруға негізделген жылдам дамып келе жатқан жаһандық құбылыс. Қазақстанда ағылшын тілінде оқытатын университеттердің саны жылдан-жылға артып келеді және 44 ЖОО-да ағылшын тілінде оқитын арнайы топтар бар. Зерттеуді жүргізу үшін таңдалған электронды деректер қорында сәйкес кілт сөздерді енгізу арқылы ғылыми әдебиеттерді іздеу жүргізілді. Біздің ғылыми әдебиеттерге шолу жасауымыздың нәтижесінде Қазақстандағы ағылшын тілінде оқуға қатысты зерттеулердің көпшілігі магистратура бағдарламаларына арналған және санаулы ғана авторлардың бакалавриат денгейдегі ағылшын тілде оқытуға қатысты ғылыми зерттеу жүргізгендігін айқындадық. Сондай-ақ, ағылшын тілінде білім берудің сапасын қамтамасыз ету маңызды болып табылады, өйткені оқу үдерісінің барлық мүдделі тараптарының қажеттіліктері ескерілуі қажет. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда ағылшын тілінде білім берудің сапасын қамтамасыз ету тұралы ғылыми зерттеу жұмыстары жеткіліксіз екендігін ескерсек, біздің осы бағыттағы ғылыми зерттеуіміздің ғылымға қосатын үлесі айқындалады.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚТАНДЫРУ АЯСЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ БІЛІМ БЕРУ: ӘДЕБИЕТКЕ ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ
Жарияланған June 2024
75
51
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
ағылшын тілінде білім беру
халықаралықтандыру
жоғары оқу орындары
сапаны қамтамасыз ету
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Gaipov D., Kozhakhmet S., Kassymova G.,Tulepova S., . 2024. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚТАНДЫРУ АЯСЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ БІЛІМ БЕРУ: ӘДЕБИЕТКЕ ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2024), 167–176. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.82.2.015.