Қашықтықтан оқыту білім берудің ақпараттық ортасының құрамдас бөлігі болып табылатын ресурстардың әртүрлі түрлерін қолданумен тығыз байланысты. Электрондық білім беру ресурстары ең маңыздыларының бірі болып табылады, өйткені ол оқу процесінің мазмұнды құрамдас бөлігіне шоғырланған. Қашықтықтан оқыту жағдайында студент оны әр түрлі іс-шараларға дайындауға мүмкіндік беретін әлеуетін жүзеге асыруы, сонымен қатар танымдық белсенділікті көрсетуі, өзі бетімен оқу қабілетін дамытуы, қарым-қатынас дағдылары мен оқу мотивациясын қалыптастыруы тиіс. Электрондық білім беру ресурстары арқылы әртүрлі типтегі тапсырмаларды орындау барысында, мысалы: электрондық пошта, форум, чат, блог, бейне және аудиоконференциялар студентке өзара әрекеттесу және кері байланыс қамтамасыз етеді; электрондық оқулықтар зерттелетін тақырып бойынша қажетті ақпаратты қамтиды; электрондық кітапханалар, оның ішінде Википедияны студенттер тиімді іздеу және қосымша материалдар алу үшін пайдаланады. Яғни, электронды білім беру ресурстары арқылы студент кәсіби қызметке қызығушылық танытады, өз бетімен білім алу әрекетіне ықпал ететін жеке сапа-қасиеттер деңгейін дамытады, бақылау және өзіндік бақылауды ұйымдастыру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Оқу процесінде жоғарыда аталған кешенді электронды білім беру ресурстарын қолдану университет оқытушысына оқытудың инновациялық әдістерін іс жүзінде жүзеге асыруға, оқытудың теориялық және практикалық аспектілерін үйлестіруге, білім беруді ақпараттандыруды арттыруға, сонымен бірге студенттердің жеке білім алу траекториясын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ БІЛІМ РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған June 2021
256
215
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
қашықтан оқыту
, ресурс
электронды білім беру ресурсы
, сандық білім беру ресурсы
жоба, жобалау
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шолпанқұлова Г.К. , . 2021. ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ БІЛІМ РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 70, 2 (Чер 2021), 39–45. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-2.1728-5496.05.