Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ ПЕДАГОГИКАСЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ӘДІСНАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАР

Жарияланған June 2024

32

35

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада музыкалық білім беру саласындағы зерттеулерде шешуші рөл атқаратын әдіснамалық негіздер талқыланады. Маңызды әдіснамалық бағдарлардың бірі, музыкалық педагогика контекстіндегі метаәдіс ретінде қарастырылатын әдіснамалық талдау жұмысы болып ерекшеленеді. Бұл талдау жұмысы, музыкалық-педагогикалық теория мен практиканың әртүрлі аспектілерін терең түсінуге мүмкіндік беретін зерттеу үдерісіне кешенді тәсіл болып табылады. Әдіснамалық бағдарлар шеңберінде музыкалық-педагогиканың тұжырымдамаларын, ғылым мен білім берудегі инновациялық үрдістердің құндылығын түсінуге, сондай-ақ, ғылыми зерттеулер стратегиясын қалыптастыруға ықпал ететін кәсіби маңызды функциялар мен тұғырлар айқындалады. Қарастырылып отырған тұғырлар, әртүрлі интеллектуалды операцияларды қамтиды және олардың арасындағы рефлексия, шығармашылық ойлау әдісі ретінде және педагог-музыканттың іс-әрекетіндегі құндылықтар мен мотивтерді өзіндік қайта қарау әдісі ретінде қарастырылады. Осы тұрғыда музыкалық педагогикадағы әдіснамалық бағдарларды әзірлеудің бастамасы, адам қызметінің әртүрлі салаларынан, соның ішінде ғылым мен өнерден алынған білім болып табылады. Білімге сүйену болса, зерттеу үдерісін ұйымдастырудың принциптері мен әдістерін анықтау үшін музыкалық білім беру педагогикасының әдіснамалық негізі бола алады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Balagazova S., Bolatkhan N, Kosherbayev Zh., . 2024. МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ ПЕДАГОГИКАСЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ӘДІСНАМАЛЫҚ БАҒДАРЛАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2024), 26–35. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.82.2.002.