Бұл мақалада география сабақтарында экологиялық білім берудегі аймақтық компонентті жүзеге асырудағы жобалық қызметті ұйымдастыру тақырыбы қарастырылды. Тақырып бойынша осы саладағы зерттеуші-ғалымдардың еңбектері қарастырылып, өлкетану мәселелерімен айналысатын әртүрлі ғалымдардың берген түсініктері негізінде ғылыми әдебиеттерге талдау жасалды. Мақалада оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын ояту және өлкетану сабақтарында оқушылардың жобаға қатысу процесін жүргізу әдістемесі баяндалды. Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысы толық қамтылып, олардың нәтижелері талданды.
Автор оқу процесінде өлкетану компонентін қолдану, әсіресе оқушылардың жобалық іс-әрекетінде үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Өлкетану саласын игеру барысында оқушылар танымдық іс-әрекетке, шығармашылық қабілеттерге, қоғамға пайдалы еңбек етуге, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға деген қызығушылықты дамытады, бастама мен тапқырлық оянады. Өлкетану қызметімен айналыса отырып, оқушылар өз өлкесінің жаңа замандағы алғашқы зерттеушілері болады.