Қазiргi уақытта дидактикалық оқытудан нақты жағдайларға бағдарланған және шынайы еңбек әлемiнен кәсiби мамандардың қатысуына негiзделген оқытуға көшуге қызығушылық өсуде. Жоғары оқу орындары білім алушыларға жұмыс орнында табысты ықпалдасуға мүмкіндік беретін білім беру бағдарламаларын ұсынуы тиіс. Осы мәселені шешудің бірі жоғары оқу орындарына дуальды оқытуды енгізу болып табылады. Дуальды оқыту – бұл академиялық білім мен практиканы біріктіретін және оқытудың интеграциялық аспектілеріне баса назар аударатын кәсіптік бағдарланған білім беру тәсілі. Жоғары оқу орнында дәстүрлі академиялық курстарда алынған білімді жұмыс орнының практикасына тікелей енгізуге болмайды, мұның себептерiнiң бiрi жоғары оқу орнында және жұмыс орнында оқытуды ұйымдастыру тәсiлдерiндегi айырмашылықтар болып табылады. Тәжірибе жүзінде білім негізінен жасырын сипатқа ие және көп жағдайда әлеуметтік тәсілмен алынады. Жоғары оқу орындарында білім жеке оқу курстары түрінде беріледі. Бұл проблеманы шешу үшін ЖОО-да дуальды оқыту кезінде қолданылатын оқыту әдістерін, оқыту құралдары мен бақылау әдістерін зерделеу қажет.
Бұл мақала дуальды оқытуды жұмыс орнында практикалық оқыту мен академиялық оқытуды қамтитын аралас оқытудың бір формасы ретінде қарастырады. Алынған білім мен дағдыларды дуальды оқытуда интеграциялаудың маңыздылығы және ЖОО-дағы педагогикалық процесс пен жұмыс орнындағы практикалық тәжірибе арасындағы екі жақты байланыстың қажеттілігі, сондай-ақ дуальды оқытуды табысты іске асыру үшін оқыту әдістерін, оқыту құралдары мен бақылау әдістерін бейімдеу қажеттілігі атап өтіледі