Мақалада болашақ биология мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі зерттелген. Шетелдік және қазақстандық педагог-ғалымдардың мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі туралы еңбектеріне шолу жасалды. «Құзыреттілік», «кәсіби құзыреттілік» анықтамалары талданды. Биология мұғалімінің кәсіби құзыреттілігіне сипаттама берілді. Білім берудің негізгі бағыттарының бірі жоғары білікті педагог кадрларды даярлау болып табылады. Қазіргі педагог зерттеу және әлеуметтік дағдыларды, IT-технологияларды, дамыған сыни ойлауды, креативтілікті, коммуникабельділікті және командада жұмыс істей білуді меңгеруі тиіс. Қазақстан Республикасының білім беруді жаңғырту жөніндегі басым бағыттардың бірі «үш тілде оқыту» бағдарламасы болып табылады, ал авторлардың пікірінше, оны іске асырудың тиімді технологиясы CLIL «Content and language integrated learning» (Мазмұны мен тілі бойынша интеграцияланған оқыту) технологиясы болып табылады. Авторлар CLIL технологиясына: анықтамасы, идеялары, артықшылықтары, кемшіліктері, перспективалары сипаттама берілді.
Студенттердің биология пәніне танымдық қызығушылығын және CLIL технологиясы туралы түсініктерін анықтау мақсатында «Биология мұғалімдерін даярлау» ББ 3 курс (N=30) студенттерімен «Оқу-танымдық іс-әрекеттің мотивтері» әдістемесі, биология пәндер бойынша сауалнама жүргізілді. Зерттеудің анықтаушы кезеңінің нәтижелері ұсынылды.