Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІККЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ МӘНІ

Жарияланған June 2024

49

49

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет
Аңдатпа

Әлеуметтік-экономикалық қатынастар аясында өмір сүріп жатқан тәуелсіз елде адами капиталды әлеуетті жұмыс берушілердің талаптарына жауап беретін және жоғары сұранысқа ие мемлекет деңгейіне жеткізу өте маңызды. Бұл ретте болашақ әлеуметтік педагогтарды әлеуметтік серіктестік жағдайында дайындау, серіктестікке қатысушы әрбір тараптың мүдделерін сараптау, болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде қарастырылады.

Білім беру саласы мен ел экономикасының стратегиялық мақсаттарының бірі – педагогикалық жоғары оқу орындары мен олардың түлектерінің бәсекеге қабілеттілігі. Сонымен бірге болашақ педагогтарды жаңа технологиямен оқыту үрдісіне бағыт-бағдар беру қажеттілігі туындап отыр. Бұл мақаланың мақсаты – эмпирикалық талдау негізінде әлеуметтік серіктестік технологиясын пайдалана отырып, әлеуетті жұмыс берушілер мен мамандарды тарту жағдайында соңғы стандарттар мен талаптар бойынша болашақ әлеуметтік педагогтарды даярлаудың тиімді жолдарын табу. Болашақ мамандарға сауалнама жүргізу және сарапшылардан сұхбат алу арқылы болашақ жұмыс берушілердің рөлі талданды. Болашақ педагогтарды даярлаудағы әлеуетті жұмыс берушілердің, жоғары оқу орындарының және мемлекеттің рөлі сараланды. Бұл мақалада әлеуметтік серіктестік – болашақ әлеуметтік педагогтарды заманауи талаптар мен стандарттарға сай дайындаудың қажетті технологияларының бірі екендігі туралы қорытынды жасалды. Эмпирикалық талдаудың қорытындысы жоғары оқу орындарындағы болашақ әлеуметтік педагогтарды сапалы және кәсіби даярлаудағы мақаланың практика-лық маңыздылығын ашады.

pdf (English)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Садыкова А.К., Альжанова А.О., Дуйсенгалиева А.А.,Атабекова Б.Б, . 2024. БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІККЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ МӘНІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2024), 235–247. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.82.2.021.