Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙІМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланған September 2024

52

47

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақала есту қабілетін жоғалтқан балалар үшін мамандырылған түзету мектеп-интернатындағы бейімдік дене шынықтырудың педагогикалық-ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеп, жинақталған оң тәжірибені теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеуге арналған. Қазіргі уақытта Қазақстанда есту қабілеті бұзылған 5000-нан астам мүгедек бала тіркелген және республика бойынша осы санаттағы балаларға арналған мамандырылған 24 мектеп жұмыс істейді. Есту қабілеті жоғалған балалардың 62%-да денелік дамудың дисгармониясы, 43%-да тірек-қимыл аппаратының бұзылулары, 60%-да вестибулярлық талдағыш қызметінің жеткіліксіздігі анықталады. Баланың кеңістікті бағдарлауы төмендеп, қозғалыс дағдыларын игеру бәсеңдейді, дене күшінің нашарлауы, секіруде артта қалу, қозғалыстардың төмен қарқыны, қимыл-қозғалысты еске сақтаудың әлсіздігі байқалады. Зерттеу жұмыстары орындалған есту қабілетін жоғалтқан оқушы балалар тәрбиеленетін Алматы қаласындағы №1 мектеп-интернатындағы оқу-тәрбие үрдісі жастарға орта білім берумен қатар, мүгедек жандардың денсаулығын сақтауға және жақсартуға бағытталған педагогикалық, медициналық және қалпына келтіру кешені ретінде ұйымдастырылып, заманауи дене мәдениеті мен сауықтыру шараларын жүзеге асыруға қажетті инфрақұрылымымен толық қамтамасыз етілген. Авторлар бейімдік дене шынықтыру пәні бойынша жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламасын сараптап, есту қабылетінің бұзылыстары бар оқушылармен жүргізілетін дене тәрбиесі сабақтарында тыныс алу гимнастикасы, вестибулярлық жаттығулар, координациялық қабілеттерді дамытуға бағытталған жаттығулар мен ырғақтық-иілімділік жаттығулар кешенін пайдалануға ұсынады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Балгимбеков Ш.А.,Кушназарова К.Е., Кадырбеков Р.Б., Амитова Ж.Т., . 2024. ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙІМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 83, 3 (Вер 2024), 390–401. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.83.3.035.