Мақалада 6В019-«Арнайы педагогика» (Логопедия) бағыты бойынша жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуын түзетуге бағытталуының жеткіліктілігін зерттеу үшін 17 Қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының талдауы ұсынылған. Аталған мәселенің қазіргі таңда Қазақстанда және шетелде зерттелу деңгейін талдау негізінде балалардағы жазбаша сөйлеу тілінің спецификалық бұзылыстарын түзету жұмыстарында қазақ тіліне басымдық беретін ғылыми деректердің жоқтығын анықталды.
Университеттердің 2019-2023 оқу жылдарындағы 6В019-«Арнайы педагогика» білім беру бағдарламаларын талдау Қазақстандағы жоғары оқу орындарының 11%-ында жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуын түзетуге бағытталған пәндер мүлде оқытылмайтынын, бір де біруниверситетте қазақ тіліне тән жазбаша қателерді жою ерекшеліктерін ашатын оқу пәндері ұсынылмағанын анықтауға мүмкіндік берді.
Білім беру бағдарламаларының мазмұнын талдау нәтижесінде жазбаша сөйлеу тілі бұзылған балалармен нәтижелі жұмыс жүргізілуі үшін арнайы педагогтерді даярлау мазмұнына арнайы оқу пәндері енгізілуі керек деген қорытынды жасалды. Пәнді оқыту барасында студенттер қазақ тіліне тән 9 әріптің жазылу ерекшеліктерін меңгереді, апострофтарға талдау жасайды, олардың белгілі дәрежеде араласуына ықпал ететін ұқсастығын біледі; қазақ тіліне тән әріптердің бұзылысын түзету ерекшеліктерін зерттейді және т.б.