Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

КӨРКЕМ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Жарияланған March 2024

79

62

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Бұл зерттеу жұмысында «Көркем білім беру» бойынша білім алып жатқан студенттердің «Бейнелеу өнеріне» қатысты пәндерін оқуында цифрлық технологияларды қолдануы мен оның негізгі рөлі салыстырмалы тұрғыда талданды.  «Көркем білім беру» саласында шығармашылықты белсенді түрде арттыру білім берудегі цифрлық технологияны қолдану мен дамуының айқын көрінісі екендігін көрсетті. Дегенмен, «Көркем білім беру» саласында білім алып жатқан студенттердің цифрлық технологияларды қолдануы арқылы шығармашылығының белсенді түрде артуы жолында жаңа стратегиялық дамуына әсерін тигізуі әбден мүмкін. Зерттеу мақсаттарына жету үшін, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "Көркем білім" және "Дизайн" кафедрасының 40 магистранты арасында сауалнама жүргізілді. Қолданылған зерттеу әдісі сипаттамалық болды және кейс-стадиді қамтыды. Деректерді талдау үш аспектке бағытталған: идеяларды құру, идеялармен тәжірибе жасау және идеялардың сапасы. Алынып отырылған нәтижелер мынадай көзқарасты көрсетіп отыр, яғни осы университетте «көркем білім беру» бойынша білім алатын студенттердің екі бағытқа қарай бөлінген оң жағымды  көзқарас бар екендігін айғақтайды. Олар: көркем идеяларды қалыптастыру және цифрлық технологиялар арқылы идеялардың сапасын арттыру. Алайда мынадай пікірге тоқталуда, технология оларға идеялармен тәжірибе жасауға және манипуляциялауға, сондай-ақ бұрыннан бар идеяларға негізделген жаңа идеяларды жасауға айтарлықтай көмек көрсетпегенін айтты. Студенттерге технология ұсынатын мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін әлі де жеткілікті шеберлік жетіспейтінін көрсетіп отыр. Осы тұжырымдарға және зерттеулерге сүйене отырып цифрлық технологиялардың «Көркем білім беру» оқу бағдарламасына жаңа стратегиялық тұрғыда әзірленуіне ықпал ететіндігі көрсетіледі.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Masoumeh Shiri, Baigutov K., . 2024. КӨРКЕМ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 3, 82 (Бер 2024), 286–295. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.81.1.024.